Димаш туралы кітап сатылымға шықты

Димаш туралы кітап сатылымға шықты
Фото: vk.com

Осыдан аз ғана уақыт бұрын  шетелдегі додаларда еліміздің намысын қорғап жүрген танымал әнші Димаш Құдайберген туралы кітаптың жарыққа шыққаны жөнінде хабарлаған едік. Жақында сол кітап сатылымға шықты.

Бұл туралы кітап авторы ақын Оңайгүл Тұржан өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Автордың айтуынша кітапқа тапсырыс берушілер саны көп. Еліміздің түкпір-түкпірінен сұраныстар түсіп жатқан көрінеді. Кітапқа тапсырыс беру үшін 8-701-250-97-83 (автордың өз нөмірі) нөміріне хабарласыңыз. Таяу күндері Астанада бұл кітаптың тұсаукесері өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш кеше Бейжің қаласында "Power Rangers" фильмінің премьерасына қатысты. Әнші бұл айда Қытайда өтетін бірнеше бағдарламаға түседі. Туған қаласы Ақтөбеде Димаш атындағы бақ ашылды. Қытай елшілігі құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен бірге ол Париждегі "Global Gift Gala" гала-кешіне шақырту алды.

Ж. Жұмағұлов