Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Димаш туралы кітап жарыққа шықты

Димаш туралы кітап жарыққа шықты

Димаш туралы кітап жарыққа шықты

Сүйінші! Миллиондаған жанкүйерлердің таңданысын тудырып, өзінің ерекше даусымен қалың көпшілікті аузына қаратқан талантты әнші Димаш Құдайбергенов туралы кітап жарыққа шықты. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті, белгілі ақын Оңайгүл Тұржан мәлім етті.

Ол өзінің фэйсбук парақшасында: "Музыка туралы тек музыкатанушылар жазсын деген Ереже бар болса, мен ол Ережеден кешірім сұраймын. Димаш жан дүниеміздегі жансыз қалған дүниелерімізді қозғап жіберді. Біз Димашты тыңдай жүріп, ән тыңдаудың да жаңа орбитасына көтерілдік. Имидж жайлы жақ ашпаған кезеңдерімізде қанша нәрсе жоғалттық өзі? Димаштың имиджі жайлы жазбау мүмкін болмай қалды. Біз тіпті көрермен туралы бір ауыз әңгіме айтпаппыз. Басқа халықтың көрермені көрермен сияқты да, біздің қазақтың көрермені солардың көрерменіне қол соғушы сияқты. Ендігі жерде олай болмайды. Залда отырған мына Сіз де, сол залдан шығып бара жатқан Ол да өнерге қанат бітірген құдіреттер. Димаштың өнеріне қол соққан қол шапалағымыздың үні күллі әлемді жалт қаратқандай. Біз тіпті Димаш арқылы өзімізді басқаша сезіне бастадық. Ал Димаштың өзі шеберлігін қалай шыңдады? Жас таланттарды қабілетін сындырып алмай, шеберлік шыңына жеткізуге бола ма? Менің "Димаш" атты эссе-кітабым осы және басқа да мәселелерді қозғады. Ой қосып, пікір бөліскен Димаштың ата-анасы Қанат пен Светланаға зор алғысымды айтамын. Бұл жаңа туындым өлең емес, эссе. Жоғарыда айтылған мәселелерді қозғаған жаңа стильдегі дүние. Оқимын десеңіз – мархаббат. Таяу күндері "Меломан", "Flip.kz" кітап сауда желісі арқылы сауда орындарына түседі. Мұндай желідегі дүкені жоқ қала, ауылдардағы оқырмандарым фейсбук, инстаграм желілері арқылы жекеге өзіме хабарласса болады, көмекші қыздарым сатуды ұйымдастырып жатыр",– деп жазды. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Қытайдан үлкен жеңіспен елге оралған еді. Әншіні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы қабылдап, батасын берді. Мамыр айында әнші Францияда өтетін Канн фестивалінде құрметті қонақ ретінде ән шырқайды деп күтілуде. 

2
Рейтинг: +6

Фото: facebook.com
Қосылған күні: 28 сәуір 2017, 11:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.