Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / "Отаным, саған айтамын" байқауының жеңімпаздары марапатталды

"Отаным, саған айтамын" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жас қаламгерлерге арналған "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды massaget.kz порталы.

2019 жылғы "Жастар жылына" орай ERG компаниясының қолдауымен Massaget.kz порталы Alash Media Group медиахолдингімен бірлесе отырып жас таланттардың шығармашылығын шыңдау мақсатында 15-29 жас аралығындағы жас қаламгерлер арасында "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқау жариялаған болатын.

Байқау мақсаты – егемен елдің ертеңі саналатын жастар арасындағы Отан түсінігін қалыптастыру, патриоттық сезімін оятып, құлашын кеңге жайған бүгінгі тәуелсіз еліміздің жетістіктерін баяндау, насихаттау, жас қаламгерлерді қолдау және шығармашылығын дамыту.

Бүгін байқау жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Алғаш болып сөз алған Effective Media Liaison (Massaget.kz, Vesti.kz Tengrinews.kz) директоры Сұңқар Қарабалин жас таланттарды құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

"Отаным, саған айтамын" байқауы – Massaget.kz порталында екі тілде өткен тұңғыш байқау. Екі ай бойы қазақ және орыс тілдерінде шығармалар жарияланды. Сайт үшін бұл жаңа формат. Барлығы ойдағыдай өтті деген сенімдеміз. Қатысқан барлық қатысушыға шығармашылық табыс тілеймін, әрдайым мерейлері үстем болсын!", – деді Сұңқар Қарабалин.

Қазылар алқасының шешімімен Отан тақырыбындағы үздік проза (эссе, әңгіме) бойынша І орынға (300 000 тг) жас жазушы Досхан Жылқыбайдың "Бокетто" әңгімесі лайық деп табылды.


ІІ орынды (150 000 тг): Бану Абилсейиткызының "Тоска с запахом полыни" шығармасы иеленді.


ІІІ орын (100 000 тг): "Ауылдан адам кетсе де, адамнан ауыл кетпейді…" эссесі үшін Сағатбек Ернұрға бұйырды.

Massaget.kz порталының бас кеңесшісі Ержан Момышұлы конкурсқа түскен шығармаларды жіті бақылап отырғанын айтты.

"Отаным, саған айтамын" конкурсына түскен түрлі шығармаларды оқып отырдым. Бұл жерде неше түрлі эссе де, әңгіме де болды. Жас жазушыларымыздың кей шығармасынынан Отан мен Мемлекеттің не екенін ажырата алмайтыны көрініп қалып жатты. Жалпы жас қаламгерлерге ризамын, қаламдары ұштала берсін. ІІІ орын алған Ернұр Сағатбектің шығармасы нағыз эссе деуге лайық. Ал Досханның әңгімесінің тілі жатық, оның жазушылыққа әуелден бет бұрғаны көрініп тұр. Досханға ұсынысым "Бокеттоға" қоса, "Ваби-саби" және "Икигаи" туралы жазса, сонда бұл үшеуі әдемі бір триптих шығармаға айналар еді", – дей отырып қатысушыларға ризашылығын білдірді. 

Осы орайда "Бокетто" сөзінің мағынасын түсіндіріп өтсек. Бокетто жапон тілінде: “Түк себепсіз, мағынасыз алысқа қарап тұра беру” дегенді білдіреді.

Сондай-ақ, Alash Media Group ұсынған арнайы сыйлықты Асылан Тілеген ("Қазақстан шоколады") иеленді.

Жәлел Бауыржан

Айжан Мута

Massaget.kz порталы ұсынған арнайы сыйлықтарға Бабжанова Бакыт ("Край моего детства"), Айжан Мута ("Сұлтанды жылатқан жусан") және Жалел Бауыржан ("Шежірелі аса көркем, Ақшатауым туған өлкем!") лайық деп танылды.

Айта кетейік, қатысушылардың эсселері сайт поштасына 2019 жылдың 24 мамырынан бастап түсе бастады. Байқау барысында 130-ден астам жас жазушы өз жұмыстарын орыс және қазақ тілдерінде жіберді. Іріктеуден өткен 70-тен аса шығарма Massaget.kz және Tengrinews.kz порталдарында жарияланды және Жұлдыз FM мен Tengri FM эфирінде оқылды. 

Барлық жарияланған шығарманы Отаным саған айтамын хэштегі арқылы оқи аласыздар.

Бүгін кешкі сағат 18:00-де жеңімпаздар Жұлдыз FM радиосының тікелей эфирінде қонақта болады.

4
Рейтинг: +6

Фото: Аслан Қажиев
Қосылған күні: 25 шілде, 13:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.