Массагет энциклопедиясы. Пирамидалар не үшін салынған?

Массагет энциклопедиясы. Пирамидалар не үшін салынған?
Фото: google.com

Әлемде Мысыр секілді құпия мен сиқырға шомылған ел жоқ деп сенеді ғалымдар. Оған алтын түстес құмдар мен көзі көрген данышпандардың қалдырған аңыздары куә.

Бұл аңыз бір ерекше баланың өлімнен басталады. Осыдан 3000 жыл бұрын Мысыр перғауыны болған ол Күн құдайы Раның баласы деп есептелген. Бірақ оны неден және қалай қайтыс болғаны белгісіз, жұмбақ күйінде қалған. Күтушілері оны алтын табытқа салып, жерлеу рәсімін салтанатты түрде өткізген, бұл рәсім оның әкесі ұясына батқанға дейін біткен. Сенім бойынша тура сол жерде оның жаны жай тауып, мәңгілік сапарға аттануы керек. Бұл баланың есімі – Тутанхамон.

3000 жыл Тутанхамон қабірі мен Патшалар мекені құпияға толы құмның астында жатты. Ал қалған қабірлерді біреулер тауып алып, ұрлап кеткен. Дегенмен, Тутанхамонның зиратына жоламаған немесе оны таба алмаған болуы керек.

Осы қабірді зерттеу үшін ағылшын Говард Картер 5 рет экспедиция ұйымдастырған екен. Бірақ бәрі сәтсіз аяқталған. 1922 жылы 6-шы рет Мысырға бастаған ісін аяқтауға келген. Сол жолы келгенде бір шымшықты өзімен бірге ала келеді. Оны жанындағы мысырлықтар "Алтын құс" атап, Картерге сәттілік әкеледі деп сенім білдірген.

Іздеу жұмыстары басталғанымен, бұл тірлік болашақтың еншісінде қалатындай көрінді, дегенмен, Картердің еліне қайтар уақыты да жақындады. Оған қолдау білдіріп келген әлдебір граф оның бағалы затты табатынына күдік келтіріп, серіктес болмайтын да кесіп айтқан. Бірақ, Картер бұл қабірдің таңғажайып жәдігерлерге толы болатынына сендіреді. 

Ніл өзені – Африкадағы ең ұзын өзен. Бұл өзен Ақ Ніл және Көк Ніл өзендерінің Судан шөлінде тоғысуынан құралған. "Ніл Құдайлар патшалығынан бастап ағады" деген аңыз бар, бірақ бізге белгілісі, Ніл шөлден соққан қатқақ желді жұмсартады, ауылшаруашылығына септігін тигізеді, өркениеттің бастауы әрі осыған дейін Мысырда болған әр оқиғаның жалғыз "көзі тірі" куәгері екен. Мысырлықтар ғылым, медицина, аспан әлемі секілді ғылымдарды зерттеді, олар тәулікке 24 сағат тақты, 365 күнді есептеді.

Ғалымдар Мысырға құт Нілмен бітті десе, өздері (мысырлықтар) Күн Құдайы олардың бақ-дәулетін асырып отыр деп түсінеді. "Ол таң атысымен елді оятып, тірлік жасау үшін үнемі жарық шашып тұрады, ал кешке өліп кетеді, ал келесі таңда ол қайта оянады, ол секілді ешкім о дүниеге аттанып, қайтып келген емес, ол мәңгілік" деп сенген екен. Патша өлгенде, ол да Раның біреуі болды деп сенген: "Оның (патшаның) ұлы жаңа перғауын Хорус  – сұңқар – Жер бетіндегі тірі Құдай".

Адамзат баласына Мысырдағы шөлдің құмы қалай ғана мәңгілік ескерткіштерге айналды деген сұрақ мазалап келеді. Сол кездегі өркениеттің дамуына ненің әсер еткені де белгісіз. Ұлы Рамзестің алып ескерткіші – ірі тастардан қаланған ең үлкен ескерткіштердің бірі. Олардың қалай тұрғызылғаны белгісіз, белгілісі перғауынға деген құрметпен жасалды. Мумия деген сиқыр да осы елде етек алған. Мысалы, Тутанхамон қайтыс болғанда абыздар оның өлі денесіне жаңа сиқырлы тән дайындап береді. Патшаның денесін 70 күн кептіріп, тұзбен және маймен сылап, кейін өте ұзын зығырмен ораған. Сонымен қатар, қорғайтын бағалы тастар, дуа және тұмар қосқан. Соңында өлімнен кейінгі алтын бетперде кигізген. Егер Тутанхамон ұзақ жыл өмір сүрсе, оған да "Пирамида" деп аталатын биік ғимарат салынатын еді.

Ал енді басты тақырыпқа оралайық: мысырлықтар пирамида көк пен жерді байланыстырып тұрады деп сенген. Перғауындардың жаны пирамида сатыларымен көкке шыға алады деген. Пирамиданың сырты неге баспалдақтармен жасалды деген сауалға міне жауап. 

Адамзат баласы осы пирамидалардың салынуы, құрылыс туралы өзекті деректер қызықтырады. Бұл деректер сол өңірдің сиқыры мен құпиясының арқасында ашылмай келеді.

Г. Берік