Мысыр елі

Мысыр елі

Мысыр елі – қарама-қайшылыққа толы ұлы мемлекет. Ағып жатқан әлемдегі ең ұзын өзені Ніл, алып Пирамидалар, Суэц арнасы сияқты жер жүзіндегі ең көрікті мекендердің барлығы Мысыр елінде орналасқан. Мұндай ғажаптарды өз көзіңізбен көруге болады.

Мысыр еліне саяхат жасау алдында ғаламтор беттері мен туристік мекемелердің қызметкерлерінен ел туралы барлық ақпаратты біліп алыңыз. Туристік мекемелерде жыл сайын жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар маусымын жүргізіледі. Сондықтан да, мұндай ұсыныстардан қапы қалмаңыз. Тек туристік жолдамалар сатып алмастан бұрын, келісім-шарт жасаған кезде мұқият болыңыз.

Егер де сіз өзіңізді үнемшіл туристердің қатарына жатқызсаңыз және де демалысыңызды достарыңызбен не сүйіктіңізбен өткізген жағдайда, арнайы ұсыныстармен сатылып жатқан туристік жолдамаларды алғаныңыз жөн. Бұл кезде сіз ақша-қаражаттарыңызды үнемдей аласыз. Сондай-ақ, сіз өзіңіздің қалауыңызбен кез келген қонақүйді таңдай аласыз.

Демалысыңыз тек жағажайда я туристік мекендерде өтпесін десеңіз, қаладағы қонақүй бөлмелеріне тұрақтаған жөн. Қалада сіз жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрімен жақынырақ танысып, сауда орталықтарына бара аласыз.

Егер де демалысыңызды отбасы мүшелерімен бірге өткізуді жоспарласаңыз, туристік жолдамаларды алдын ала сатып алып, саяхат туралы ертерек қамданыңыз. Туристерге арналған экскурссиялық бағдарламалар ұсынылған жағдайда кішкентай балаларға қызықты болатын мекендерді таңдаңыз. Сондай-ақ, қонақүйлерде балаларға арналған арнайы ас мәзірі мен бағдарламалардың болуына назар аударыңыз.

Мысыр елінің саудагерлері саудаласқанға оң көзбен қарайды. Сондықтан, кез келген тауар сатып алмас бұрын саудаласуды ұмытпаңыз. Ал сауда орталықтары мен ірі дүкендерде саудаласуға мүмкіндік бола бермейді.


Экскурсиялық бағдарламаларды қонақүйден емес, жергілікті гидтерден сатып алған жөн. Себебі, қонақүй ұсынатын туристік қызметтер 40%-ға қымбат. Осы экскурсиялық бағдарламалар аясында жерасты мұражайларын, алып Пирамидаларды, тарихи ескерткіштерді көруге болады.

Мысыр елінің климаты жұмсақ әрі жылы. Мамыр мен қыркүйек айларында теңіз жағалауындағы аудандарда күннің орташа температурасы шамамен +340С-ты құрайды. Қараша мен наурыз айларында күн салқын болады. Суық жел соғады.


Бұл елде бола тұра, су астында жүзбей кетуге болмас. Қызыл теңізге жердің түкпір-түкпірінен дайверлер жиналады. Дайвинг арқасында Қызыл теңіздің барлық маржандарын көруге болады.

Мысыр мұсылман елдерінің қатарына жатады. Сондықтан да, мұсылман елдерінде сақтауға тиісті талаптарды естен шығармаңыз. Бұл елдің асханасы халал әрі өте дәмді. Жергілікті халық каркадэ шәйімен шөлін қандырады.

Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындарда шылым шегуге рұқсат бермейді. Бірақ та, бұл елде кальян тартуға болады. Сондықтан да, темекіге құмар жандар өз айызын кальян тарту арқылы қандыра алады.

Суреттер: redigo.ru

Ғ. Ұзақ