Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Массагет энциклопедиясы. Конфуций

Массагет энциклопедиясы. Конфуций

Массагет энциклопедиясы. Конфуций

Ол «Мен 15 жасымда білімге бет бұрдым, 30 жасымда өз бетіммен өмір сүруді үйрендім, 40 жасымда сенімсіздіктен, күдіктен арылдым, 50 жасымда еркіндікті сезіндім, 60 жасымда шындық пен өтірікті ажыраттым, 70 жасымда жүрек қалауын тыңдай білдім, салт-жоралғылардан алыстамауды түсіндім» деген екен. Өмірін ізденуге, үйренуге арнаған бұл ғұлама тылсым күшке ие болмаса да, Қытайдағы мыңдаған ғибадатханалар осы данышпанның ілімін меңгеру үшін салынған. Оның ілімі қытайлықтардың жүрек сеніміне айналғандай болды.

Бұл ғалым – Конфуций. Оның ілімі 25 ғасыр бойына қытайлықтардың даналығына айналып келді. Еуропаға Конфуций деп танылған Құң Зы дүниеге келгенде оның әкесі 80-ге таяп қалған қария болатын, ал анасы небары 17-ге жаңа толған. Қарт әкесі қайтыс болған соң, отбасының халі әлсіреп, бар күш Конфуцийге түседі, кішкентай бала егін егіп, үй жинайтын болған. Ауыр жұмыс жасап жүріп, оқу-жазуды өз бетімен меңгеріп, Қытайдың мәдениетті адамына тән әдеттерді бойына сіңіріп өседі. Қауырт жұмыс оның денсаулығына оң әсерін берген екен: денесі шымыр, салмақты, бойы 191 см болған. Ал замандастары оның келбетін «түр-тұлғасы ерекше, адырайған көзді, қалың әрі ұзын қасты, үлкен мұрынды болатын, алдыңғы екі тісі үлкен еді» деп сипаттаған екен.

Чжоу әулетінен қалыптасқан мемлекеттік басқаруға Конфуций өз үлесін қосқан, анығында, халықтық педагогикаға, рухани біліміне әсер етуді мақсат етеді. Ол патриархалды дәстүрді бақытты отбасының негізі санаған, үлкендер кішілерге қамқор болса, кішілер адалдық жолынан таймайды. Егер отан отбасыдан басталады десе, тұтас халық арасында осындай қарым-қатынас орнайды деп түсінген.

Елдің данышпан басшысына халықты күшпен емес, ақылмен, тәрбиемен-ақ басқаруға болады деп есептеген. Билеушінің ойлау қабілеті, қызметтегі, үйдегі, түздегі қарым-қатынасы тәрбиемен өрілсе, рухани бай болатынын айтқан. Егер билеуші дәстүрден аттамаса, халықтың да езгіден ада, тәлімге жақын болары анық деген. Конфуций өз еркімен ілім үйренемін деп келген барлық шәкіртіне ежелгі дәстүрді, тарихты оқытқан.

Б.з.д 570 жылы сарай төңкерісінен кейін Конфуций Лу патшалығына кетіп қалады. Содан 13 жыл бойы шәкірттерімен бірге Қытай елін аралап, өзінің ел басқару жүйесін түсіндіреді. Бірақ қарапайым халық оның сөзін, мәнісін түсінбейді. Шенеуніктер үшін оның талаптары қиын болатын. Ол өз әдісін тек 50 жасында ғана тәжірибеден өткізе алады. Лу патшалығының бір елді мекенін басқарып, кейін патшалықтың кеңесшісі атанады. Ол кеңесші атанған соң, патшалық қызметке адам таңдаған кезде оның қабілеті мен тәрбиесіне назар аудара бастаған. Салық мәселесі ретке келтірілді, ұрлық-қарлық жойылған, халық тұрмыспен қатар, рухани азықты да естен шығармады, яғни Конфуций оларға көне дәстүрді, жоғалған салтты үйретіп отырған.

Бірақ, бұл тәлім Лу патшалығының әміршісіне ұнамаған болуы керек: Конфуцийді қызметінен түсіреді. 60 жасқа келген ғалым еліне қайта оралып, ілімін жалғастырады. Оның барлық дәрісі мен сұқбаттарын жинап, шәкірттері кітап («Лунь Юй») жазған. Бұл конфуцизмнің негізгі кітабы болып есептелінді. Шәкірттері Конфуцийдің қазасынан кейін оны «Адамзаттың ұстазы» деп атаған. 

«Егер сенің артыңнан біреу түкірсе, демек сен оның алдындасың, одан биіксің».

«Мүмкіндігі келетін адамды ғана үйрет, шаршының бір бұрышын біліп алып, қалған үшеуін көз алдыңа елестет».

«Не істеу керектігін біле тұра оны жасамау – қорқақтықтан да жаман әдет».

«Біреу менің сөзімді түсінбесе, ренжімеймін, мен біреудің сөзін түсінбесем, ренжимін».

Бірде бір шәкірті өмірден кейінгі өмір туралы сұрақ қойған екен. Сонда данышпан «Тірісінде елге адал қызмет жасамаған адамнан өлісінде не күтесің?» деген.

Фото: my-life.ua
Қосылған күні: 15 сәуір 2016, 20:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.