Ең ежелгі пирамида құлап қалудың аз-ақ алдында тұр

Ең ежелгі пирамида құлап қалудың аз-ақ алдында тұр

Саккарада орналасқан Джосердің пирамидасы бұзылудың аз-ақ алдында тұр. Аталған елдің туризм комитеті әлемдік қауымдастықтарды көмекке шақыруда. 

Дәл осылай шыж-быждың шығуына өткен күнгі оқиға себеп болды. Яғни пирамида ішінен тастар құлаған. Бұлай жалғаса берсе, ең ерте кезде тұрғызылған пирамиданың күлі көкке ұшпақ. Ал ол дегеніміз, адамзат баласының ерте кезде тұрғызған ғаламаттарының бірі кітап беттерінде ғана қалады деген сөз. 

"Адам баласының ең үлкен еңбегі болып саналатын дүние көз алдымызда бұзылып жатыр. Египет өкіметінің бей-жай қарағандығы салдарынан әлемдік қауымдастықтың алдына баруға мәжбүрміз"- деп комитет басшысы Омар аль-Хадари мәлімдеді.

"Саккара" комплексінің директоры Камаль Вахид болса, БАҚ-тың жалған ақпарат беріп жатқанын алға тартады. Оның айтуы бойынша, алып бара жатқандай күрделі мәселелер жоқ. Жай ғана ежелгі жәдігерлерге қарайтын жоғарыда отырған ағалар салғырттық танытуда дейді. 

Айта кететін болсақ, III династия кезіне жататын Джосер фараонның пирамидасы 60 метр биіктікке дейін ғарыш-көкке қол созып жатыр. Біздің заманымыздан бұрын 2630 жылы тұрғызылған пирамида ең ежелгі құрылыстардың бірі болып саналады. Және ең бастысы, дәл осы көсемнің құрметіне тұрғызылған пирамидан соң басқа да ірі құрылыстар тұрғызыла бастапты.

2006 жылдан бері ірі құрылысқа қарқынды жүргізу басталған еді. Алайда, археологтар осы алты жыл ішінде еш нәрсе өзгермегенін айтуда.

сурет:vasi.net

Дайындаған: Әділет Бақыт 

Л. Лига