Бірнеше елдің басшысы Рианнаның білімді қолжетімді ету туралы өтінішіне жауап берді

Бірнеше елдің басшысы Рианнаның білімді қолжетімді ету туралы өтінішіне жауап берді
Фото: vk.com

Келесі айда әлем елдері басшылары Гамбургте G20 саммиті отырысына жиналады. Саммит алдында белгілі әнші, актриса, филантроп Global Partnership for Education қайырымдылық қорының елшісі Рианна өзінің Twitter парақшасы арқылы әлем елдері басшыларынан білім алуды қолжетімді ету туралы өтініш тастады. Ол 74 миллион халық алдында білім жүйесін қаржыландыру жауапкершілігін басшылар өз міндетіне алуын сұраған еді.  

Әнші бірінші болып Аргентина елінің президенті Маурисио Макридің парақшасына, кейін Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо мен Франция президенті Эммануэль Макронның әлеуметтік желісіне, сондай-ақ, Ангела Меркельдің пресс-секретарі Штефан Сайбертке хабарлама қалдырды. Бірнеше сағаттан кейін Маурисио Макри мен Штефан Сайберт өтінішке құлақ асатындары туралы жауап қатты.

А. Оралқызы