Миды жетілдіруге не кедергі?

Миды жетілдіруге не кедергі?
Фото: instagramturkiye.co

«Қызық емес» деген шағым
Бұл сөз барлық нәрсеге қызығушылғыңызды өлтіреді. Ал олардың бірі сіздің танымдық қызығушылығыңыз болуы мүмкін. Бүгін қажетсіздей көрінген нәрсе ертеңгі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Алынар ақпараттың біркелкілігі
Үнемі бірдей кітаптар, бірдей авторлар, бірдей блогерлер оқу, бірдей адамдармен араласу, бірдей бағдарламалар көру. Мұның барлығы қызығушылық алаңыңызды тарылтады.

Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен...
Біз артық әуреленіп, жанымызды қинағымыз келмейді. Мұнымыз бекер. Қиын жағдайлар адамдағы ақыл-ой қабілеті шегіне жеткенше жұмыс істеуін талап етеді, осылай ми барынша дамиды.

Биікке ұмтылу жоқ
Ұтымды нәтижеге жеткеніңізге бек сенімді болсаңыз, даму деңгейіңіз дереу тоқтайды. Ешқашан ең биікке жеттім деген ой басыңызға кіріп-шықпасын. Әрдайым көпті қалап, көкке ұмтылыңыз.

Сұрақ қойылмауы
Өзіңізден «не себепті?» деп сұрауды тоқтатқан кезде, жетілу деген ұғым да атымен жоғалып кетеді. Өзіңізден әрдайым неге олай еткеніңіз туралы есеп алып отырыңыз.

Шығармашылықтан бас тарту
Креативті бастама сізге жат деп ойламаңыз. Өзіңізге деген сенімділік жетілуге кедергі келтіретін жауларды жеңуге көмектеседі. Алдыңызға бөгет қоя беруді доғарып, потенциалыңызды шыңдаңыз.

Қарсылық жоқтығы
Егер айналаңыздағы адамдар үнемі айтқаныңыздың барлығына бас шұлғи беретін болса, бұл жақсы емес. Жаныңыздың тыныштығы мен өзіңізге берер бағаңызға кері әсер етеді. Әртүрлі көзқарас бар жерде ғана шындық туады.

Талаптанудан бас тарту
Құлағанға шыдасаңыз да, көп армандауға шек қоюға болмайды. Қорқынышыңызды жеңбесеңіз, сәтсіздіктер жаныңыздан шыр көбелек айналып шықпай қояды. Кішкентай армандар тек кішкентай жеңіс әкеледі, бұл тек қанағаттанбау сезіміне ұрындырады.

@. @assel_assanova