Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Италиядағы алып "Алқызыл қоян"

Италиядағы алып "Алқызыл қоян"

Италиядағы алып

60 миллион халқы бар Италия елінде алтын емес, күміс емес, ірімшіктің құнды екенін жазып өткен едік. Массагет порталының тұрақты оқырманы Римдегі КолизейИталияның сұлулығы таңдай қақтырар қалашықтарының бірі Чивита ди Баньореджо туралы да хабардар. Сәнқой аруларымыз үшін Италия маникюр жасаудан Әлем чемпионаты өтетін ел ретінде есте қалмақ. Бүгін осы бір ерекше халық мекен ететін ерекше елдің тағы бір өзгешелігін таныстыра өтейік.

Дубайлықтар қолдан арал жасап, бір таңғалдырса, италиялықтар қолдан дәу қоян жасап шығып, екі таңғалдырды. "Алқызыл Қоян тауы" атын еншілеген бұл бір мекен – төрт шебердің төл туындысы. Суға төзімді материалдан тігіліп, ішіне сабан толтырылған қоянды жасап шығу үшін 5 жыл бойы тер төккен сол төртеу 2005 жылы алып қоянды ел назарына ұсынды. 

Алқызыл қоянды қызықтауға келгендер құлағынан бастап, бүкіл тұла-бойына емін-еркін секіріп, балалық шақтарын бір еске түсіріп алмақ. Оның үстіне, алып қоянның үстіне шығып тұрғанда, кім-кім де өзін ергежейлі сезініп қалатын көрінеді. Қызық емес пе? 

Бір қарағанда, аспаннан құлап, жерге жалп ете қалғандай әсер қалдыратын қоянның ұзындығы – 60 метр, биіктігі – 6 метр. Пьемонттан орын тепкен үлкендерге арналған ойыншық 2025 жылға дейін әлем туристеріне қызмет етпек.

Жансыз болса да, жанды қояндай әсер беретін алып қоян Гугл карталары арқылы анық көрінеді. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: bunnyslippers.com, planeta.moy.su, dump.fm

7675 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 09 қыркүйек 2013, 15:16
Пікірлер
+0
09 қыркүйек 2013, 16:35

Біздің игерілмей жатқан жерлерге мұндай қояндардың миллионы сияды ғой :geek:

+0
10 қыркүйек 2013, 16:53

ііііі :mrgreen:

+0
10 қыркүйек 2013, 21:18

Бұл материалды кім жасаған?Жазылмапты ғой. :?: :?: :?:

+0
11 қыркүйек 2013, 10:13

"Алқызыл Қоян тауы" атын еншілеген бұл бір мекен – төрт шебердің төл туындысы".

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...