Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Сүйікті жидегіңіздің пайдасын білесіз бе?

Сүйікті жидегіңіздің пайдасын білесіз бе?

Сүйікті жидегіңіздің пайдасын білесіз бе?

Түрін көргеннен балғын дәмі тілімізге келіп, сілекей шұбыртатын жидектің бірі – құлпынай. Ал құлпынай сүйгіштер сүйікті жидегінің шаш етектен келер пайдасынан хабар бар ма екен?

Түскі астан жарты сағаттан соң құлпынай жесеңіз ерте егде тартуға жоқ дейсіз. Құрамындағы антиоксидант қартаю үдерісін баяултатын қасиетке ие.

Жүрек-тамыр ауруларымен күресетін нөмірі бірінші құрал, оны ескерусіз қалдыруға болмайды. Құрамында холестерин мөлшерін реттіп тұратын қышқыл бар. Сонымен бірге қан тамырларын, артерияны нығайтатын С дәруменіне бай.

Құлпынай көз көруін жақсартып, көз айналасындағы қара дақтардан арылтады.

Бала күтіп жүрген болашақ ана болсаңыз, құрсақтағы балаңыз құлпынайға мұқтаж. Баланың өсіп жетілуіне бірден бір жәрдемші осы жидек.

Аллергия мен демікпеге қарсы дәрі-дәрмек қабылдаудан шаршаған болсаңыз, енді басқа нұсқаларды қарастыратын уақыт жетті. Құлпынай тұмау, көз қышуы, демікпе секілді ауруларға ем болады. 

Құлпынайдың тұқымы безеуге қарсы қолданылады. Бет терісіне бөртпе мен безеу шығып мазаңызды алса, бетіңізге құлпынай тұқымынан маска жасаңыз. Қорытындысына таңдай қағатын боласыз. Мұный да құпиясы антиоксидантта.

Құлпынай мойны секпілді ағартуға көмектеседі. Оны лимон шырынмен, қаймақпен бірге пайдалансаңыз, нәтижесі күштірек болады. 

Құлпынай тісті ағартады. Тісіңізді ағартқыңыз келіп, тіс дәрігеріне баратын уақытыңыз бен ақшаңызды құлпынайға жұмсаңыз. Құрамындағы С дәрумені тісіңізді аппақ қардай етіп шығаруға кепілдік болады.

Адам көңіліндегі күйзеліс оның психологиялық жағдайына тікелей байланысты. Өзіңізді нашар сезінсеңіз, құлпынай жеңіз. Құрамындағы гомоцистеин миды қажетті заттармен қоректендіріп, көңіл күйді орнына түсіреді.

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: www.igoodmorning.net
Қосылған күні: 23 сәуір 2018, 11:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.