2014 жылдың қолжетімді 10 су киімі

2014 жылдың қолжетімді 10 су киімі

Қазіргі кезде, ұсынылған көптеген су киімдер арасынан өзіңе ыңғайлысын табу аса қиын емес. Біз сіздерге осы маусымда сатылымға түскен су киімдердің әдемі және өзекті үлгілерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ретро стиліндегі Incanto  су киімі толық қыздарға да, мінсіз пішінді қыздарға да жарасады. Белінің көтеріңкі болуы және белдегі шаршау артық сантиметрлерді жасырып, ал пуш-апы бар көкірекше кеудені көтеріп, қажет көлемді береді.

Су киімінің басты принципі – әдемі формаларды айқындап, кемшіліктерді жасырып тұру. Егер кеудеңіздің үлкендігінен ыңғайсыздансаңыз, Calzedonia-ның су киіміне назар аударыңыз. Су киімнің көкірекшесі қарапайым классикалық банданаға ұқсайды, бір жағынан, толық пішініңізді жасырса, екінші жағынан – қажетті көлемді береді. Алайда су киімнің бұл үлгісі арық қыздарға аса жараспайтынын ескеру керек.

Бүрмелер, желбіршектер мен шашақтар – кеудесі кішкентай қыздардың ең жақсы достары. Әсем пішінді қыздар әсерлі шашақтары бар топтарға және Reserved ұсынған ұсақ суреттері бар ашық плавкилерге тәнті болары анық.

Incanto монокиниі – әр түрлі пішіндегі қыздарға әмбебап нұсқа. Ойықтары бар біріккен су киімі арқылы толық қыздар да, арық қыздар да кемшіліктерін жасыра алады. Біріншілері сырт көзге белді жіңішке етіп көрсетуге қол жеткізсе, екіншілері – «құмсағат» мінсіз мүсініне қол жеткізе алады.

Қызықты суреттері бар Asos біріккен ақ түсті су киімі асқақ келбетті, бұғанасы нәзік спорттық дене бітімдегі қыздарға жақсы жарасады.  Алайда, кеудесі кішкентай қыздардың денесінде бұл нұсқа ұтымды көрінбейді.

Спорттық трендті жақсы көретін қыздар үшін тағы бір нұсқа – adidas by Stella McCartney су киімі. Ол бірнеше қызметті қатар атқара алады. Созылғыш тірек бөлшектерінің арқасында мұндай су киімде спорттың белсенді түрлерімен айналысқан ыңғайлы. Бұған қоса, су киімнің плавкиі белдегі бірнеше артық сантиметрлерді жасыра алады. Бір кемшілігі – күнге толық күю мүмкіндігі жоқ.

Дене бітіміңіз мінсіз және кемшіліктерден ада ма? Олай болса H&M жаздық коллекциясының су киімі – сіздің нұсқаңыз. Ол жып-жинақы дене бітімінде әдемі көрінеді және пуш-ап көкірекшесінің арқасында сырт көзге кеудеге көлем береді.

Кішкентай кеуде мен жайпақ бөксесін жасырғысы келетін қыздар ретро стиліндегі су киімдерге ден қойса болады. Мұндай үлгі River Island топтамасында ұсынылған. Белі көтеріңкі плавки, лиф- бюстье, қарама-қарсы бөлшектер мен шұбар өрнектер пішінмен нағыз ғажайып жасайды!

Calzedonia ашық-алқызыл бикиниі екі қоянды бір оқпен өлтіреді. Біріншіден, өте тартымды көрінеді, екіншіден, кең бүрмелерінің арқасында су киімі сырт көзге кеудеңізді үлкен әрі сымбатты көрсетеді.

Сән үйлері жаздың ыстық күндері сәби күтіп жүрген болашақ аналарды да ұмытпайды. Көптеген болашақ аналар біріккен үлгілерді таңдап жатады. Алайда оларға лайықты балама бар екенін біле бермейді. Мысалы, Mothercare бренді жағажай маусымына біріккен және бөлек комплектерден тұратын арнайы топтама ұсынды. Бізге ұнағаны – ақ зәкірлермен әсемделген, ұзартылған топ пен ыңғайлы плавкиден тұратын, жарқын және стильді комплект.

Оқи отырыңыз:

Суға түсетін киімді қалай таңдау керек?

Жағажайлық көйлектер

Жағажайлық топ-5 аксессуар

Саяхатқа аса қажет 5 киім

Сурет: wday.ru, www.spletnik.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina