Суға түсетін киімді қалай таңдау керек?

Суға түсетін киімді қалай таңдау керек?

Мүсіндері әдемі, келбетті қыздар талғамына сай кез келген формадағы суға түсер киімді таңдай алары анық. Бірақ әрбір қыз мінсіз фигурасымен мақтана алмайды, алайда дұрыс таңдалған киім кемшіліктерді жасырып, тіпті ерекше етіп көрсетуі де мүмкін. Фигураға сай таңдалған су киімі уайымсыз суға түсіп, жақсы көңіл-күйде жүрудің кепілі.

Кеудеңіз кішкентай болса

Кеуде тұстарын айқындау үшін басты назарды кеудеге аударатын модельдер керек:

  • Кеудешесінде қалың поролоны бар су киімін алуға тырысыңыз;
  • Кеудешеде үлкен геометриялық суреттері болғаны абзал;
  • Немесе көлденең үлкен жолақтары бар кеудеше болғаны дұрыс;
  • Кеудені дәл ортасынан көтеріп тұру үшін V формадағы кеудеше керек.

Кеудеңіз үлкен болса

Көптеген бөлшектер кеуденің астына, не үстіне назарды салып, сыртынан біраз кіші етеді:

  • Кеуде тұсының астында, не үстінде орналасқан көлденең жолақтар;
  • Бұдырмақты фактуралы бір түсті, ашық су киімі;
  • Бүрмеленген кеудеше де назарды бөліп тұрады.
  • Мойыны жоғарырақ орналасқан, не төртбұрышты ойық кеуде ортасындағы сызықты жасырып тұрады.

Жамбасыңыз жалпақтау болса 

Қара түс арықтатып көрсететіні бәріне мәлім, ал су киімінің төменгі жағы қара болса, бұл да ұтымды шешім.

  • Кеудеше ашық түстен, ал төменгі жағы қаралау түстен болса, бар назарды үстіңгі жаққа салып, сырт көзге пішініңізді әдемі етіп көрсетеді;
  • Сатып алар кезде су киімнің құйрығыңызды жақсылап жауып тұруын қадағалаңыз (жабысып қалмайтындай болсын);
  • Егер жамбасыңызды арықша етіп көрсеткіңіз келсе, жамбас бөлігінде артық бөлшектер болмасын.

 

Бойыңыз ұзын + арық болсаңыз

Мұндай кезде мынадай нұсқалар жарайды:

  • Бикини;
  • Бауы жалпақ немесе баусыз келген кеудеше;
  • Астыңғы жағы шорты сияқты су киім;
  • Ашық көлденең жолақтар немесе бөлшектер;
  • Жылтырақ мата (лайкра), алабажақ түстер.

 

Иығыңыз кішкентай болса

Бұл кемшілікті жасыру үшін мынаны жасаңыз:

  • «Үсті» ашық жарқын (суреттері бар немесе көлденең жолақты), ал «асты» қаралау түстен болсын;
  • Ойығы үлкен формадағы кеудеше;
  • Кеудешенің бауы алшақ болсын;
  • Иық тұсында бөлшектер: аппликациялар, бант, түйреуіш болғаны абзал.

Бірақ:

  • Мойынға байланатын бауы бар кеудеше;
  • Ұзын жолақты кеудешелер;
  • V-түріндегі терең ойық киюге болмайды.

 

Кең иықты болсаңыз

  • Мойынға байланатын баулы кеудеше;
  • V-түріндегі терең ойықты кеудеше;
  • Тік жолақты кеудеше;

Бірақ:

  • Иық тұсында артық нәрсе болмасын (тігіс, аппликация);
  • Бауы алшақ орналасқан кеудешелер;
  • Қысқа топ;
  • Арқасында крест тәрізді баулар;
  • Ойығы тым кішкентай кеудеше;
  • Жалпақ, түрлі-түсті суреттері бар кеудешелерді киюге болмайды.

Қысқа аяқтар

Сырт көзге аяқтарыңыз ұзын болып көрінсін десеңіз:

  • Жамбас бөлігі жоғары қарата ойылып келген трусик (жамбасыңыз жалпақ болмаса);
  • Егер жамбасыңыз жалпақ болса — жоғары қарай орташа ойығы бар трусиктер;
  • Бойлай орналасқан сурет немесе тік жолақ;
  • V-тәрізді ойық.

Бірақ:

  • Шорты тәрізді трусик және бикини;
  • Жамбас бөлігі төмен қарата ойылған трусиктер;
  • Көлденең жолақты трусиктер киюге болмайды.

 

Фигруаңыз ұлдардікіндей болса

  • Жылтырақ мата және люрекс қосылған мата;
  • Жарқын түстер мен суреттер;
  • Терең ойық пен бикини;
  • Түрлі суреттер немесе бөлшектер арқылы бел тұсын айқындайтын су киімдері.

 

Толықтау болсаңыз

  • Белі жоғары қарата орналасқан трусиктер (шорты тәріздес трусиктер де болады);
  • Бауы жалпақ кеудешесі мен трусигі біртұтас су киімі;
  • Кеудені ұстап тұратын темір ұстағышы бар кеудеше;
  • Тік орналасқан жолақтар;
  • Сыртынан жұқа туника, үлкен шляпа;

Келесі жолы су киімін қалай таңдау керек, размерлері мен маталары жайлы сөз қозғаймыз.

Суреттер: samaya-samaya.com, kachestvo.ru, webdiana.ru, shoppingcenter.ru, woman.ru, passion.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina