Жағажайлық көйлектер

Жағажайлық көйлектер

Жазғы демалысты көбі судың жағасында, жағажайда өткізуді жөн көреді. Жағажайға арналған су киімдердің осы күні түр-түрі бар. Сонымен қатар, нәзік жандылардың жүріп-тұруына ыңғайлы, пішіндерінің мінін жабуға немесе керісінше әдемілігін еселендіретін дизайнерлер су киімнің сыртынан киетін түрлі киім-кешектерді шығаруда. Олардың қандай түрлері бар екен, таныса отырыңыз.

1) Көйлек-туника

Ашық шифон маталарынан жасалған жағажай көйлектері ешқашан сәннен шықпайтын шығар. Бұл жылы да олар сұранысқа ие. Оның қандай ұзындықта болатыны маңызды емес, белінде жібі болуы да мүмкін, болмаса да өз еркіңіз. V-бейнелі ойық болса тіптен жақсы.

2) Балахондар мен халаттар 

Халат көйлектер көптеген дизайнерлердің жазғы коллекцияларына кірді. Алайда денеге іле салатын, жерде сүйретіліп жүретін халаттарды таңдайтындар кемде кем. Бірақ болашақта бұл ұзын халаттар танымалдылыққа ие болады дейді мамандар.

3) Жағажайлық пеньюар

Бұл фасонға стилистер жағажайлық демалыстың ең тартымды атрибуты деген баға берген. Бұл жағажайлық көйлек аты айтып тұрғандай ұйықтарда киетін іш киімге ұқсас. Мұндай киімді батыл қыздар өз гардеробына қосуы мүмкін.

4) Сарафандар және кимоно

  

Жағажайлық көйлек дегеніміз ең алдымен осы сарафан ғой. Бұл зат кез келген қыздың жаздық гардеробында болуы тиіс заттардың бірі. Қазіргі таңда сарафандардың түр-түрін қолжетімді бағамен алуға болады. Ал кимоноға келсек, бұл бір экзотикалық үлгіге жатады. Бірақ оны кие салысымен ешкімнен қысылмай, қымтырылмай балалардың да, үлкендердің де алдында жүре беруге болады.

5) Саронгтер және парео

Жағажайлық демалысты бұл киімдерсіз елестете алмайтындар да бар. Оның еркін қарапайым пішімі, жеңілдік пен функционалдылығы таңдап алған су киіміңіздің фасонын жаппайды. Саронгтар мен пареолардың гүлді белдемшеге де, жеңіл көйлекке де, сарафанға да айналып шыға алатын қасиеті бар. Және шабаданда да көп орын алмайды.

6) Тоқылған көйлектер

Әдемі фигурасын жасырудан гөрі, көрсеткісі келетін ханымдарға жұқа селдір тоқылған көйлектерге назар аударуды ұсынамыз. Торлы жаздық көйлек пішініңіздің әдемілігін әсірелеп тұрады. Сонымен қатар қимыл-қозғалысқа да еш кедергі келтірмейді.

7) Майка-көйлектер және жейделер

 

Мінсіз пішінді қыздар сонымен қатар, майка-көйлектер кисе болады. Денеге жабысып тұрған соң ол пішініңізді барынша тартымды етеді. Ал, мінсіз пішіндерімен мақтана алмайтын қыздар, ұзын жейде фасонында тігілген жейделерді таңдаса қателеспейді. Бұл да образды өзінше тартымды етеді. 

Суреттер: fashionimoda.blogspot.com, www.liveinternet.ru, ru.aliexpress.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina