- Негізгі бет
- Сән
- Жағажайлық топ-5 аксессуар...
Жағажайлық топ-5 аксессуар
Жаз-2012 шомылу маусымы ашық деп жариялады! Шетелге барып шомылсаңыз да, өзіміздің көлдерімізге демалысқа барсаңыз да, жағажайға өзіңізбен бірге мына аксессуарларды алуға ұмытпаңыз.
Кең жиекті қалпақ Қалпақ - күннен қорғайтын жаздық сәнді аксессуары. Күнделікті өмірде бұл бас киімді киіп үйренбесеңіз де, жағажайда қалпақты аңсап қалмаңыз. Сізді сәнді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар күннің өтіп кетуінен сақтайды. | |
Қысқа топ Жағажайда суға түсетін киімнің кеудешесінің үстіне кие салуға ыңғайлы, жеңіл, қысқа топ нағыз жағажайлық киім. Қала көшелерінде ашық топты киюге ұялсаңыз, жағажайда бұл киім түрі өте орынды болмақ. | |
Креативті көзілдірік Тым үлкен, дөңгелек не үшкір, ретро стиліндегі көзілдіріктер қазірде нағыз сәнді трендке айналды. Жағажайлық көзілдіріктеріңіз көзге түсетін ерекше болса, күн сәулесінен ғана сақтап қоймай, көңіліңізді көтеріп отырады. | |
Мата сөмке Ішіне аты аталған аксессуарларға қоса косметика сыю керек екенін есепке алсақ, бұл сөмкеңіз үлкен болуы тиіс. Қуанышымызға орай жағажайлық мата не тоқылған сөмкелер жеңіл әрі өте үлкен болады. | |
Парео Үлкен жұқа орамал жағажайдағы таптырмас аксессуарлардың бірі. Суға түсетін киіммен жағажай аралауға ұялсаңыз, осындай пареоның бірін тағып алыңыз. Сондай-ақ пареоны байлау тәсілдері толып жатыр. Оның түсін суға түсетін киіміңізге және басқа да аксессуарларға қарап таңдағаныңыз дұрыс. |
Демалысыңыз көңілді өтсін!
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: ua.oriflame.com, vk.com.
С. А