Массагеттен мәзір: "Жастық" бәліші

Массагеттен мәзір: "Жастық" бәліші
Фото: massaget.kz

"Жастық" бәлішінде шоколад пен сүзбенің дәмі керемет үйлеседі. Оны біреулер "сырып тігілген көрпеге" де ұқсатады. Тәтті дәміне қоса, оның түрі де ерекшеі.

Шоколадты қамырына қажетті азық-түлік:

- 250 г ұн;
- 100 мл өсімдік майы;
- 100 мл сүт;
- 3-4 жұмыртқа;
- 150 г қант;
- 20 г какао.

Сүзбелі қамырына қажетті азық-түлік:

- 350 г сүзбе;
- 30 г крахмал;
- 60 г қант;
- жарты шай қасық ваниль қанты;
- 1 жұмыртқа. 

Шоколадты қамырды дайындауға кірісеміз. Ол үшін алдымен жұмыртқа мен қантты миксермен араластырамыз. Оған бөлме температурасындағы сүт пен өсімдік майын құйып, тағы да араластырамыз.

Ұн мен какаоны араластырамыз.

Соңынан ұн қоспасын қосып, миксермен араластырамыз.

Пешке салуға болатын ыдысқа пергамент қағаз жайып, оған шоколадты қамырды құямыз.

Жоғарыда көрсетілген сүзбелі қамырға қажетті барлық ингредиентті ыдысқа саламыз.

Барлығын жақсылап араластырамыз. Сүзбелі қамыр кремнің рөлін атқарады.

Кремді арнайы аспаздық пакетке немесе қарапайым пакетке саламыз.

Кремді суреттегідей шоколадты қамырдың үстінен тор етіп сығып саласыз. Егер бір рет жасаған соң, тағы да крем қалып қойса, қалғанын үстінен екінші рет қайталап салып шығыңыз.

Бәлішті 180 градуста қыздырылып тұрған пеште 30-40 минут пісіреміз. Пешіңізге қарай бәліш те әртүрлі уақытта піседі. Сондықтан, 30 минут өткенше пештің есігін ашпай, 30 минут өткеннен кейін бәлішке тіс тазартқыш салып, тексеріңіз. Егер шоколадты қамыры құрғақ болса, бәліштің дайын болғанын білдіреді.

"Жастық" бәліші дайын! Оны төртбұрышты бөліктерге бөліп, бетіне қант ұнтағын сеуіп, дастарханға ұсынуыңызға болады.   

А. Жапатова