Массагеттен мәзір: "Жұмыртқаға дәм қосамыз"

Массагеттен мәзір: "Жұмыртқаға дәм қосамыз"
Фото: massaget.kz

Таңғы асқа жұмыртқаны қайнатып жер болсақ, дайындауға ұзақ уақыт жұмасамаймыз әрі кешке дейін жететін қуат беруге, түскі асқа дейін тоқ жүруге көмектеседі. Алайда күнделікті бір дәмнен кімде-кім болса да жалығары анық. Сондықтан тағамға дәм қосып, қайнаған жұмыртқаны күндегіден өзгерек әзірлеу мәзірін ұсынамыз.

 3 жұмыртқаны суға қайнатып, піскен соң, қабығынан тазартып аламыз.

 Суретте көрсетілгендей жұмыртқаларды екіге бөлеміз.

 Кесілген жұмыртқалардан сарысын бөлек аламыз.

 Жұмыртқаның сарысын майонез, тұз және бұрышпен жақсылап араластырамыз.

 Дайын қоспаны жұмыртқаның ағына қайтадан саламыз. Аскөкпен немесе уылдырықпен безендірсеңіз болады.

Жұмыртқамыз дайын! 

Құрметті Массагет оқырмандары, өздеріңіз жасаған мәзірлеріңізді суретке түсіріп, Гүлжанат секілді massagetkz@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады. Суреттері сапалы болса, міндетті түрде жариялаймыз. Егер суретке түсіруге мүмкіндігіңіз болмаса, рецептісін жазып жіберіңіз. Асыға күтеміз! Ал мәзірін жолдаған оқырманымызға алғыс білдіреміз!

А. Жапатова