Мәзір: "Бал қосылған торт"

Мәзір: "Бал қосылған торт"

Бұл тәтті тортты талай рет дүкен сөрелерінен көріп, тіл үйіретін дәміне куә де болған шығарсыз. Гүлжанат Димаш есімді оқырманымыздың арқасында оны енді үйде жылдам әрі тез дайындай аласыз. Ең бастысы, денсаулыққа зиян заттары жоқ әрі ақшаңызды үнемдейсіз. 

Қажет азық-түліктер тізімі:

 сары май - 100 гр;

 құмшекер - 200 гр;

— бал - 2 ас қасық;

— сода - 1 шай қасық;

— жұмыртқа - 2 тал;

— ұн - 300-500 гр.

Креміне қажет азық-түліктер: 

— сары май - 300 гр;

— қайнатпа (варенка) - 1 банка.


1. Бұл торттың қамырын ыстық суда булап дайындау қажет. Бір ыдысқа су құйып қайнатып, оған дәл келетін ыдысты бетіне қоясыздар. Міне осылай.

2. Оның үстіне құмшекер мен балды қосамыз.

3. Май ерігенше араластырып, сосын үстіне сода қосамыз.

4. Сода қосылған соң түсі кішкене ағарады. Міне осылай.

5. Түсі ағарған соң ыстық судан алып, жақсылып араластырамыз. Жұмыртқаны бір-бірден салып араластырамыз.

6. Кішкене суыған соң үстіне ұн салып араластырамыз. Камыры жабысқақ болады.

7. Қамырды ұнға араластыра отырып салафанға орап, мұздатқышқа 30 минутқа  салып қоямыз. Жарты сағат өткен соң қамырды алып ұнмен кішкене илеп, 9 бөлікке бөлеміз.


8. Енді әр қамырды жеке-жеке қолмен жайып шығамыз. Жаңағы айтқанымдай қамыр өте жабысқақ.

9. Пергамент қағаздарыңыз болса, соны дөңгелек етіп кесіп алып, соған ұн жағып жайып, шанышқымен тесіп шығыңыздар.

10. 180-190 дәрежеде қызарғанша пісіріңіз. Тез піседі. Оны бақылып тұрыңыз.


11. Кремін дайындау үшін 300 гр сары майды бөлме температурасында ерітіп, миксермен араластырып, қайнатпамызды қосамыз.

12. Дайын болған кремді піскен күлшеге жағамыз. Осылайша 8 күлшені пісіріп, крем жағып шығамыз. Шет-шетіне де жағамыз. Суреттегідей.

13. Қалған 1 күлшені пісіріп алып блендермен немесе оқтаумен езіп шет-шетіне себеміз. Безендіруін өзіңіз қалағандай етіңіз.

14. Осымен тортымыз дайын. Ас болсын!

Құрметті Массагет оқырмандары, өздеріңіз жасаған мәзірлеріңізді суретке түсіріп, Гүлжанат секілді massagetkz@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады. Суреттері сапалы болса, міндетті түрде жариялаймыз. Егер суретке түсіру мүмкіндігіңіз болмаса, рецептісін жазып жіберіңіз. Асыға күтеміз! Ал мәзірін жолдаған оқырманымызға алғыс білдіреміз!

Қ. Бүйенбай