Таңғы ас формуласы

Таңғы ас формуласы

Таңғы ас ішпейтін адамдар 75%-ға көбірек артық салмақ жинауға бейімделген дейді диетолог ғалымдар. Таңғы ас пайдалы, тойымды болып, жұмыс күнін дұрыс бастау керек.

Таңғы ас формуласы мынадай болуы керек.

53% көмірсу

Көмірсулар тәтті бәліштер, торттарда кездесетіні рас. Алайда бұл көмірсулар ағзаға тез сіңіп, қарныңыз қайта аша бастайды. Одан да кептірілген жемістер мен жаңғақтар жеп, пайдалы көмірсулар қабылдаңыз.

27% май

Май деген сөз қорқынышты естілгенімен, пайдалы майлар болады екен. Қанықпаған пайдалы майларды жаңғақ, зәйтүн майынан таба аласыз.

20% ақуыз 

Ақуыз ағзамыздағы холецистокинин гормондарын көбейтеді, ал бұл гормон бізге тойғанымыз туралы белгі береді. Сондай-ақ грелин сияқты қарынды аштыртатын гормондардың жұмысын бәсеңдетеді. Яғни жұмыртқа, йогурт, сүтті тағамдар жеу арқылы сіз аштық сезімін баса аласыз.

Таңғы ас күнделікті калорий шамасының 25-30%-ын құрау керек. Артық салмақ тастағысы келетіндерге - 400 ккал, белсенді өмір сүретіндерге - 625 ккал, қалғандарына 500 ккал шамасындағы тағам қабылдау керек.

Ал сіз таңғы асқа не ішесіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: medsputnik.ru

С. А