Шаш күтімі: Көктем мезгілінде

Шаш күтімі: Көктем мезгілінде
Фото: amur.kz

Көктемнің басында ауа-райы тұрақсыз болады. Ауа-райы лезде өзгеруі, дәрумендер жетіспеуі және дұрыс тамақтанбау тәртібі шаштың жағдайына тікелей әсер етеді. Бүгінгі материалда шашты қалпына келтіру үшін қажетті кеңестер береміз.

Үйлестірілген диета

Шаштың жағдайы үйлестірілген диетаға тікелей тәуелді. Тағамдық мәзіріңізде  омега 3 майлы қышқылдың болмауы шаштың құрғауына әкеледі. Омега 3 майлы балықтарда, мысалы, арқан балық, скумбрия және сардинада мол. Дұрыс тамақтанбау шаштың көп түсуіне итермелейді. Қатаң диета шаштың өсуіне қажетті дәрумендердің жетіспеуіне әкеледі. Нәтижесінде, микроэлементтер мен дәрумендердің (мырыш, селен, биотин, темір) келуін азайтады. Мұндай микроэлементтерді шектен тыс қолдану да шаштың түсуіне әсер ететінін ұмытпаңыз. Күніне 100-150 шаштан артық түсетінін байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз.

Дұрыс күтім

Шашқа күнделікті күтім жасау тәртібі мерзімге және адамның географиялық орналасу орнына да тәуелді. Ауа-райы шаш ылғалдығының мөлшеріне әсер етеді. Мекеннің ылғалдылығы қаншалықты төмен болса, шаш ішіндегі ылғал мөлшері соншалықты аз болады. Соның себебінен, шаш құрғайды. Температура ылғалдылық теңгерімінің өзгеруіне себепші емес, алайда шашқа ылғал кіруін жылдамдату салдары болуы мүмкін. Мысалы, бұл процесс ыстық және ылғал күндері шаштың формасын кетіріп, шаш үлгісін өзгертіп жіберуіне себепші болады. Шаштағы ылғал мөлшерін ұстап тұруға табиғи майлары бар тағамдар көмектеседі. Олар шаштың бетіне қорғаушы қабат түзіп, ылғалды шектен тыс жоғалтып алудан және ылғалдың шаштың ішіне артығымен өтіп кетпеуінен қорғайды.

Халық әдісі

Қыстың суығынан кейін шашыңыз әдемілігі мен жылтырағанын жоғалтып алса, уайымдамаңыз, халық әдісі бойынша маска дайындап көріңіз. 2 жұмыртқаның сарысын 1 шай қасық балмен араластырып, оған 5 мл өсімдік майын құйыңыз. Масканы құрғақ шашқа және бас терісіне массаждық қозғалыспен жағып, 15-20 минут уақытқа жылы орамалмен ораңыз. Содан соң жақсылап жуыңыз. 

А. Жапатова