Жаздағы шаш күтімі

Жаздағы шаш күтімі

Біз жайдарлы жазды ұзақ уақыт күттік. Оған артқан үмітіміз де көп еді, сондықтан болар, жаз келісімен дүниедегі барлық нәрсені ұмытып кеткендейміз. Шуақты күндер, әдемі гүлдер, жемістер мен көкөністер басымызды айналдырып тастағандай. Жазда позитив те көп, бұл денсаулыққа, сымбатқа пайдалы, арықтау да оңай. Шашымыз да қуанады, олар жазда әдеттегіден тез өседі. Алайда, шашқа тиісінше күтім көрсетпесек, күнге, желге кеуіп, суға шомылудан кейін бұзыла бастайды, күңгірттеніп, сынғыш бола түседі. Шаш ұштанып, шаш үлгісін жасауға көнбейтіндей болып қалады. Осының бәрінің алдын алу немесе қайтару үшін бірге әрекет жасап көрейік.

Қалыптасқан қағида бойынша, шаш төрт түрге бөлінеді: майлы, құрғақ, қалыпты және құрама шаш. Шаш күтіміне келгенде де осы топтаманы басшылыққа алыңыз. Нәзік жандыларымыздың көпшілігі майлы және құрғақ шаш күтімінен қиындық көретіндіктен, осы екі түр туралы айта отырайық.

Майлы шаш күтімі

Күннің әсерінен майлы шаш қожайындарында дене майы көп бөліне бастайды. Сол себептен, мұндай шаш үшкірленіп, кендірлерге ұқсап кетеді. Ендеше, май жұмысын ретке келтіретін, жылтырататын құралдарға назар аударыңыз. Бұл күрделі мәселемен қалақай, жалбыз, теңіз балдырларының сығындылары жақсы күреседі. Сондай-ақ, құрамында А, Е, С дәрумені, мырыш, ашытқы бар құралдардың да пайдасы зор. Бірнеше рет қолданғаннан кейін-ақ нәтиже байқала бастайды. Денеден бөлінген май тері саңырауларын бекітіп тастамасын, бас терісі демалсын десеңіз, шашыңызды тұрақты түрде жуып тұрыңыз.

Майлы шашқа арналған жазғы маскалар:

Шашты қорғаудың ең өнімді әдісі – маскаларды аптасына екі рет жасау. Маска эпидермис қабатына еніп, ерекше әсер береді. Мұндай масканы дайын күйінде дүкендерден де сатып алуға болады, өзіңіз қолдан жасасаңыз одан сайын әсерлі бола түспек.

Айран маскасы: 1 стақан айранға 2-3 тамшы эфир майын тамызыңыз. Майдың цитрусты болғаны дұрыс. Маска шашқа көлемділік береді, екінші жағынан ауырлатпайды.

Апельсин маскасы: 1 апельсинді үккіштен жақсылап өткізіп, бір ас қасық бал қосасыз. Қоспаны дымқыл шашқа жағып, 15-20 минуттан кейін жуасыз. Май бөліну жұмысын тоқтатып, шашқа дені сау қалып сыйлайды.

Қыша маскасы: 2 ас қасық құрғақ қыша мен 50 мл қайнаған сумен араластырып, бас терісіне жағыңыз да, 5 минуттан кейін жуып тастаңыз. Қыша шаш өсуін тездетіп, майлы темір жұмысын жүйеге келтіреді.

Құрғақ шаш күтімі

Құрғақ шаш жиі сынады және жиі ұштанып кетеді. Сол себептен, бұл шаш косметикалық құралдарды ерекше қажет етеді. Қолданатын сусабынның құрамында жожоба мен жүзім сүйектерінің болуын қадағалаңыз. Дәл осы заттар дымқылдылықты ұстап тұрады. Одан басқа сусабында қырмызы, қалақай, лаванда сығындылары болсын.

Құрғақ шашқа арналған жазғы маскалар

Жұмыртқа маскасы: 1 жұмыртқаның сарысы мен 2 ас қасық өсімдік майын араластырып, бас терісіне уқалап жағыңыз да, сүлгімен орап тастаңыз. Масканы 1 сағаттан кейін жылы сумен жуып тастау керек. Жұмыртқа құрғақ шашты жақсы нәрлендіреді, нәтижесінде, шаш жұмсақ әрі иілгіш келеді.

Қаймақ және алоэ маскасы: 3 ас қасық майлы қаймақ пен 1 ас қасық алоэ шырынын араластырып, құрғақ шашқа 20 минут бойы қалдырып қойыңыз.

Авокадо маскасы: 1 авокадоны үккіштен өткізіп, 1 жұмыртқамен араластырасыз. Пайда болған қоспаны шашқа жағып, 15 минуттан кейін жуып тастайсыз. Экзотикалық маска шашты қатты ете түседі.

Шашты жуу ережесі

Жаз айларында шаш жуу рәсіміне ұқыптылықпен қараңыз. Шашыңыз қанша жұмсақ болса да, сусабынмен күн сайын жууға асықпаңыз, бұл шашты құрғатып жібереді. Жазғы шөптердің тұнбасымен шаю да жеткілікті. "Күн сериясына" енетін сусабындарды, маскаларды, бальзамдарды, UV-фильтрлерді, шайғыш құралдарды сатып алыңыз. Олардың құрамында жожоба, зәйтүн, ши, емен тамыры болуын қадағалаңыз. Олар шаштың және бас терісінің ылғалдылығын сақтауға көмектеседі. Қажетті құнарландырғыш заттармен қамтамасыз етіп, шашыңызды дені сау, икемді етіп көрсетеді.

Қарапайым кеңес: шашты жуғанда басты барынша төмен еңкейтуге тырысыңыз. Бұл сәтте қан айналымы күшейеді, бұл шаштың түбіне пайдалы. Шашты күнге кептірмеңіз және ылғалды шашпен көшеге шықпаңыз. Қарқынды ультракүлгін сәулесі дымқыл шашқа өте зиян.

Жаз мезгілінде тістері сирек тарақты пайдаланыңыз, себебі, щеткалар сынғыш, құрғақ шашты зақымдайды. Сулы әрі шатасқан шашты тарағанда қатты тартпауға тырысыңыз, ұшынан бастап тарап, түбіне қарай көтеріліңіз.

Шаш ұшының күтімі

Жаздың аптапты ыстығында ең көп зардап шегетін шаштың ұшы екен. Оларды "еркелету" үшін аптасына бір рет шашты біркелкі етіп бөліп, әрбірін орап, ұшына арнайы нәрлендіргіш құралды жағыңыз. Оны жұқа фольгамен орап, 30 минутқа қалдырыңыз. Жаныңызда ондай құрал болмаса, қолға арналған креммен алмастырыңыз. Кремді қолға жағып, ысқылаңыз да, қолыңызды шаштың ұшымен жүргізіңіз. Шаш жылтырай түседі. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:presentway.com, miledy.info,goodfon.ru