Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Диета жайлы аңыздар: зиян тигізбей арықтаңыз

Диета жайлы аңыздар: зиян тигізбей арықтаңыз

Диета жайлы аңыздар: зиян тигізбей арықтаңыз

Арықтаудың түрлі жолдары мен тәсілдері жайлы мамандар айтып, жазудан жалыққан емес. Бірақ сол әдістердің қайсы тиімді және қайсы ағзаға зиян болуы мүмкін? Сол жайында аз-маз мәлімет.

1. 18.00-дан кейін тамақ ішпеу
Диета жайлы ең танымал аңыз - сағат алтыдан кейін тамақ ішпеу. Негізінде ұйықтауға жатардан 4 сағат бұрын тамақ ішу керек. Бұл жеңіл ақуызды тағам, мысалы, майсыздандырылған йогурт не болмаса дәні айырылмаған екі тілім нан болуы мүмкін.

2. Калориясы неғұрлым аз болса, соғұрлым пайдалы
Егер ағза аз колориялы тағамдарды ғана тұтынатын болса, әрдайым жартылай ұйқылы күйде болады. Артық энергия жұмсамайды, сол себепті калорияның кетуі де екіталай. Аз калориялы диетаға отыру әрдайым өзіңді ұйқылы-ояу, шаршаңқы сезімге кенелтеді. Спорт түгілі, қарапайым жүріп-тұрудың өзіне күш жоқтай болады.

3. Ет жемеу
Ет құрамында ақуыз бен темір бар екені белгілі. Онсыз қан құрамында гемоглобин төмендеп, темір жетіспеуден әлсіздік пайда болады. Сол себепті еттен мүлде бас тартпаған жөн. Тек жасық ет таңдаңыз немесе ас дайындар алдында майын кесіп алып тастаңыз. Және де ет жеуді екі есеге азайтыңыз.

4. Артық салмақтан арылтатын биотаблеткалар қауіпсіз және тиімді
Әр адамның ағзасы әртүрлі. Сол себепті мұндай препараттарды қабылдамас бұрын, дәрігермен ақылдасқан жөн.

5. Ең бастысы – калорияларды санап отыру
Бір грамм ақуыз немесе көмірсуда төрт грамм калория болады, ал бір грамм майда бақандай тоғыз калория бар. Бірдей мөлшердегі тағамдар құрамында калория саны түрлі болып келетінідігімен ерекшеленеді. Сол себепті де бір тәрелке сұлы каша бір тәрелке қуырылған картоптан пайдалы.

6. Ағза белгілі бір салмаққа бейімделген
Дененің қалыптасуына геннің ықпал етері анық. Алайда сіз өз салмағыңызды басқара аласыз. Ол үшін қимыл-қозғалыспен өмір сүріп, дұрыс тамақтану қажет.

7. Ең тиімді диета – тамақ ішпеу
Аш сезіну – бұл метаболизмнің дұрыс жасап тұрғанының белгісі. Егер зат алмасу процесі дұрыс болса, онда әр үш-төрт сағат сайын қарныңыздың ашқанын сезіну керексіз. Алайда ағзаңызды қатты қинамаңыз. Тамақ жемеуден әлсіздік пайда болып, басыңыз айналуы мүмкін. Тек қана рукколадан тұратын аз калориялы салат денеге «майдан арылма» деген сигнал жіберіп, калорияны кетірмейтін болады.

8. Ананас май кетіреді
Негізінде диетологтар май кетіретін тағам жоқ деген пікірде. Дегенмен де ешкім сізге жемістер мен көкөніс жеме демейді...

Сурет: firstwomen.info

27452 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 06 маусым 2012, 17:49
Пікірлер
+0
06 маусым 2012, 12:53

Мына диетаға отыратындар отыра берсін! өз басым отырсам сынып кететін сияқты :lol: :lol: :lol:

+0
06 маусым 2012, 12:54

теріс каллориялы тағамдар (көкөністер) жайлы да аңызды жазып қойыздар)))))

+0
06 маусым 2012, 12:56

Алдында Ляйла Сұлтанқызы "Айтылмаған хикаяда" арықтаудың жолын айтып отыр. Қатты арықтапты, 15 кг-дай тасаған болу керек, бет сүйектері шығып тұр. Ол үшін әлбетте жігер мен ынта керек, өзіңді тамақтан тиып, калория есептеп ішетін болса керек.

+0
06 маусым 2012, 13:57

Ет жемеу? :lol: :lol:

+0
12 маусым 2012, 22:59

дурыс кенестер сякты гой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...