Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Форумда талқылануда

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Балық – бағалы құнарлы өнім

Балық – бағалы құнарлы өнім

Балық – бағалы құнарлы өнім

Өзенде, теңіз немесе жасанды жағдайда өсірілгені болсын – кез келген балық – жүрек, қан тамырлары, иммунитетке жақсы әсер ететін көптеген пайдалы заттардың қайнар көзі. Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – омега-3 поли қанықпаған май қышқылы онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Балық құрамындағы пайдалы заттар:

- ақуыз;
- липидтер;
- аминқышқылдар;
- йод;
- фтор;
- кальций;
- марганец;
- цинк;
- селен;
- темір;
- магний;
- фосфор;
- бром;
- A дәрумені;
- D дәрумені;
- F дәрумені;
- E дәрумені;
- С дәрумені;
- PP дәрумені;
- B тобының дәрумені;
- H дәрумені;
- балық майы;
- Омега-3 қышқылы.

Балықтың емдік қасиеттері

Балық – ірі өзен, көл, теңіз бен мұхитты жағалай орналасқан елдердің басты өнімі болып табылады. Және теңіз жағасында тұратын адамдардың аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні дәлелденген. Өйткені теңіз бен мұхиттың өсімдік және жануарлар әлемі – табиғат қорындағы ең пайдалы заттардың қайнар көзі.

Балық және теңіз бен мұхит флорасы мен фаунасының басқа да өкілдерінде кез келген тірі ағзаға қажетті барлық дәрумен, макро және микроэлементтер көп мөлшерде ұсынылған. Әлбетте, өзен мен бөгет балықтары да адамға пайдалы, бірақ онда дәрумендер мен пайдалы заттар азырақ.

Өзен мен тұщы су қоймаларының балықтарында йод, бром мен D дәрумені біршама аз, бірақ онда ақуыз жеткілікті мөлшерде болады. Етке қарағанда балық ақуызында метионин сынды маңызды аминқышқылы болады. Балық ақуызы ағзаға тез сіңеді, сондықтан оны асқазан ауруларының алдын алу үшін пайдалануға болады. Балық құрамындағы йод пен фтор эндокринді жүйе ауруларын емдеуге ықпал етеді.

Көптеген диеталар балықтан тұрады. Етке қарағанда балықтың калориясы азырақ болып келеді. Семіздік пен аз тамақ жеу диеталарында көбіне осы балықтан жасалған тағамдар ұсынылады. Кез келген майлы емес ақ балық диеталық саналады, бірақ диеталық өнімдерге бәрінен бұрын көксерке жарайды.

Балық сатып аларда жас балық немесе бертінде тоңазытылған түрін таңдаған жөн. Оларда пайдалы микроэлементтер мен дәрумендер әлі де сақталған болады. Балықты буда немесе қайнатып пісірген жөн. Балықты ашық отта қуырып немесе қыздырып пісіру арқылы жүрек ұстамасы қаупі деңгейі төмендейді. Жалпы балықты қалай дайындасаңыз да пайдасы мол. Балық жасаушысы саналатын балық майы да пайдалы өнім.

Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – омега-3 поли қанықпаған май қышқылы ми мен көздің ішкі тор қабығының маңызды заттегі болып табылады. Ол мидың тез жұмыс істеуіне ықпал етеді. Май қышқылдары ең мықты антиоксидант болғандықтан, ісік пайда болуының алдын алады. Омега-3 күйзеліс гормондарын тежеп, буындар мен мидың іс-әрекетін жақсартады. Олар қорғаныш қасиеттерге ие және қан қысымын қалыпқа келтіріп, артық майларды кетіруге ықпал етеді. Омега-3 май қышқылы ақсеркеде көп кездеседі. Алайда оны көп мөлшерде тұтыну ұсынылмайды, өйткені бауырға теріс әсер етуі мүмкін.

Балықтың зиянды қасиеттері

Ғылыми-техникалық жетістіктер адам өмірін барынша жайлы етті, алайда өндірістердің көптеп пайда болуынан өзен, көлдер мен теңіздерге зиянды заттар түсетін болды. Ал бұлар кейде балықтардың қорегіне айналып жатады. Мұның бәрі экологияға дұрыс мән бермеу салдарынан болып отыр.

Шортан, ақсерке мен алабұға бойында сынап сынды зиянды зат жиналуы мүмкін. Сондықтан оның сапасына толықтай көзіңіз жетпей сатып алмағаныңыз жөн.

Сүрленген балық та зиянды болуы мүмкін. Ыстық сүрлеуден өткен терісі жұқа балықта көптеген канцорегенді заттар болады. Сол себепті терісі қалың балық таңдауға тырысыңыз және аптасына 1-2 рет қана тұтынғаныңыз жөн.

Сурет: cherneva-rus-riba.ru, trirybaka.ru, atmpovar.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

29444 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 14 сәуір 2014, 14:42
Пікірлер
+0
14 сәуір 2014, 14:44

сынап қаншалықты қауіпті бола алады? 8-) балықты жақсы көремін, жалпы әр түрлі етті жақсы көреді екенмін)

+0
14 сәуір 2014, 15:48

Балық жегiм келiп жүр едi. Атыраудың балығын сағындым.

+0
14 сәуір 2014, 18:02

Балықты көп жеп, қазір шығып кеттім...

+0
14 сәуір 2014, 18:21

Балық жеуге әлі күнге қорқамын. Бір жолы отравление болып, қатты ауырғаным естен кетпейді. Жалпы, жеген пайдалы деп ойлаймын.

+0
14 сәуір 2014, 18:22

Осы Батыста балықты бешбармақ орнына тартады дейді ғой, рас па?

+0
15 сәуір 2014, 11:39

Қызыл балық ұнайды, жеген жақсы тазалаған жаман ше)

+0
16 сәуір 2014, 14:07

Балықтың сүйегі болмаса деп армандаймыыыын,өйткені қатты жақсы көрем әсіресе пешке пысқан балық :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...