Ең, ең, ең...

Ең, ең, ең...
Фото: Сымбат Тулеубеков

Ең, ең деген сөзді естігенде көзімізге әлемдегі ең үлкен ағаш, ең ұзын адам, ең терең көл елестейтін болар. Бірақ біз бүгінгі кезекте адам сезімін сөз еткіміз келіп отыр. Көк түсті сілтемені басу арқылы қажетті мақалаға өте аласыз.

Ең үлкен тосқауыл – қорқыныш

Бір істі бастайын десек, қорқамыз. Сүйетінімізді айтайын десек, қорқамыз. Ойымыздың білдіруге тағы қорқамыз. Аяғымызды жіпсіз байлап, жолымызды бөгейді де тұрады.

Қорқынышты жеңу үшін гиперсілтемеге өтіңіз.

Ең зұлым сезім – іштарлық

"Барлығы бақытты, мен-ақ сормаңдаймын", "Неге анада бар нәрсе менде жоқ", "Барлығының жалақысын көбейтеді де, мені сорлатып қояды". Мұндай сөздерді айтпақ түгілі ойына алатын адам одан сайын кері кетіп, ісі алға баспайды. Адамның ниеті өзіне жолдас боларын білмейтіндер ешқашан жетістікке жете алмайды.

Күншілдерден қорғану жолдарын да біле жүріңіз.

Ең үздік қорғаныс – күлкі

Балаңыз бірдеңе бүлдіріп қойып күліп тұрса, оған ұрсып, жазалай аласыз ба? Жоқ. Біреу сізге күле қарап өтініш айтса, сөзін жерге тастай аласыз ба? Жоқ. Күлкі кез келген жерде көмекке келе алады, тек күле біліңіз.

Күлкінің пайдалы тұстары туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Ең үлкен қателік – ұнжұрғасы түсу

Әлдекім пікірімізге қарсы келсе, қолымыздан келмейтінін айтса, бірден тауымыз қайтып қалады. Ары қарай қадам басуға ниетіміз де, жігеріміз де жетпейді.

Болам дегеннің бетін қақпай, белін буу үшін...

Ең жақсы әрекет – кешіру

Жүрегімізге қаяу салған адамға қайта жібуіміз қиын. Сүйектен өтетін сөзімен жанымызды жараласа, ол сол сәтте айтылғанындай тез жазылуы екіталай. Ол жаман болса да, сіз жақсы болып, кешірімділік танытсаңыз, өзіңіз де жеңілдеп қаласыз.

Кешіре білу өнеріңізді жетілдіргіңіз келсе, мына сілтеме пайдалы болады. 

Ең қуатты күш – сенім

Адам өзіне сенсе, бағындырмайтын белесі жоқ. Өзге біреуге де сенім білдіретініңізді айтыңыз, ол міндетті түрде сіз қалаған нәтиже көрсетеді.

Сенім туралы жүргізілген тәжірибеден хабардар болыңыз.

Ең қауіпті адам – өтірікші

Бірде былай сөйлейді, бірде былай сөйлейді. Өтірікшінің шын сөзі де зая. Тіпті өміріңізге зиянын тигізуі мүмкін.

Өтірікшінің шын сөзін ажырату үшін мына мақаланы оқыңыз.

@. @assel_assanova