Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Есер сөз бала жанын жасытады

Есер сөз бала жанын жасытады

Есер сөз бала жанын жасытады

Бала жаны тым нәзік, аса сезімтал келеді. Әрқашан назар аударуға, аялауға мұқтаж. Ата-ананың абайсызда айтқан сөздері бала жанына кірбің ұялатып, жүрегіне мұң тұндырады. Массагет оқырмандарына жапон жұртының балаға айтуға болмайтын сөздерін ұсынғалы отырмыз.

Жапон елі ұрпақ тәрбиесінің сыры неде екен?

  1. Сен ұл (қыз) бала болып өмірге келсең, қандай жақсы болар еді?! Бұл сөздерді айтып, балалардың жыныстық айырмашылығына қарай мәміле жасау баланы жастайынан жасытып жібереді.
  2. Ойынды қойып, кітап оқы, сабағыңды қара. Ойын ойнау баланың табиғи қасиеті. Бала ойнау барысында көптеген заттарды танып, тәжірибеге ие болады. Мұндай сөздер баланың белсенділігіне ықпал жасайды. Сондықтан, ата-аналар өздерінің көзқарастарын балаға зорлап таңуға болмайды немесе ол сөздерді басқаша жолмен жеткізу керек.
  3. Әлі кішкентайсың, бұл жұмыс қолыңнан келмейді. Балалардың ақаусыз өсіп-жетілуін қорғау керек, бірақ, оны артықша жасау кері әсер жасайды. Кейде баланың жас шамасына қарай мәлім жұмыстарды өздерінің істеуіне дем беріп, ынталандырып отыру қажет.
  4. Сәтсіздікке ұшырауға болмайды. Кішкентай бала түгілі, үлкен адамдардың өзі әр уақытта сәтсіздік пен жеңіліске ұшырап отырады. Сондықтан, балаға артықша талап қойып, оның істеген әрбір жұмысынан табысты нәтиже күту қате болады. Ол баланың өсуіне кері әсерін жасайды.
  5. Ол істі қайталауыңа болмайды. Бала әрқашан балалығын істейді. Қате жасағанын немесе сәтсіз істеген жұмысын балаларының екінші қайтара жасауына жол бермеу қате көзқарас. Бұл балалардың тәжірибе жинап, сынақ жасап, өздерінің тәуелсіз ойлау қабілеттерін жетілдіруіне кедергі жасайды.
  6. «Үлкендердің шаруасына араласпай, ойыныңды ойна» деп дүрсе қоя беру. Балалар мен үлкен адамдар арасында шекара қалыптастырып, көңіліне қая түсіру баланың есейе келе әрқандай кезде қол қусырып қарап тұратын икемсіздігін келтіріп шығаруы мүмкін.
  7. Ол баламен ойнауыңа болмайды. Өз баласын басқалармен үнемі салыстыра сөйлеу оның ішкі әлемінде қорашсыну идеясын пайда қылуы мүмкін. Бұл баланың ержеткенде қоғамдық қарым-қатынас орнатуына зор ықпал жасайды.
  8. Айтқанымды екі етпей орындайсың. Өз көзқарастары мен бұйрықтарын балаға зорлап таңу бала бойына өзгенің сөзінен аса алмайтын жасық мінез қалыптастыруы мүмкін. Ол кейін дербес ойлана алмайтын болып қалады.
  9. Жылап, қиғылық салма. Бала ата-ананың қорғауы мен аялауын қажет етеді. Бала жылаған кезде анасы мен әкесінің ұрсуы уақыт өте келе психологиялық ақау түсіруі мүмкін.
  10. Сені дүниеге әкелгеніме өкінемін. Кейбір әкелер мен шешелер балаларына осы сөзді айту арқылы оған тәрбие бермекші болады. Бірақ, бұл сөздер баланың тіршілік ету құнын қойып, жанын жасытып, ауыр соққыға ұшыратады. Сондықтан, баланың жанына кірбің түсірер мұндай сөздерді айтпаған жөн.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: zharya.kazjur.kz, ayalyalakansko.kz

3293 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 15 сәуір 2013, 18:05
Пікірлер
+0
15 сәуір 2013, 19:14

Кейін керек болады

+0
15 сәуір 2013, 21:55

ана 10 сөздің барлығын естіп көрдім :lol:

+0
16 сәуір 2013, 10:56

өте керемет айтылған.

+0
17 сәуір 2013, 23:30

өзімнің мамамның берген тәрбиесіне ештеңе жетпейді :!:

+0
22 сәуір 2013, 19:48

2-шісін маған керісінше айтылатын, яғни былай: "кітапты қоя тұрып, бір мезет бала құсап ойнасаңшы" деп :) . Қалғандарының әртүрлі нұсқаларын естіп көрдік енді, оныншыдан басқасын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...