Дортмундтық «Боруссия» жанкүйерлерінің мұңын тыңдады (видео)

Дортмундтық «Боруссия» жанкүйерлерінің мұңын тыңдады (видео)

Футболдан 2014/2015 жылғы маусымда өте сәтсіз өнер көрсетіп жүрген топ-клубтың бірі – дортмундтық «Боруссия». Өткен маусымда бундеслиганы екінші орынмен аяқтаған клуб биыл чемпионаттан шығып қалу алдында тұр.

Кеше Юрген Клопп шәкірттері өз алаңында «Аугсбургтан» ұтылды. 30 минут бойы қонақтардың 10 ойыншымен қалғанын өз пайдаларына шеше алмады. Нәтижесінде 0:1 есебімен есе жіберіп, жаңа маусымдағы 11-ші жеңілісіне ұшырады. Ойын соңынан жанкүйерлер сүйікті командасына наразылығын білдіріп, көңілсіз шығарып салды. Ал қақпашы Роман Вайденфеллер мен қорғаушы Матс Хуммелс қолдаушыларынан кешірім сұрап, наразылықтарына құлақ асты.

Айта кетейік, дортмундтық «Боруссия» бундеслигада соңғы орында тұрғанмен, Чемпиондар лигасынан шығып қалған жоқ. Юрген Клопп баптайтын команда 1/8 финалда 25 ақпан күні туриндік «Ювентуспен» кездесетін болады. 

Сурет: m.goal.com

Оқи отырыңыз

Андре Шюррле бундеслигаға қайта оралды

Испания футболындағы қақтығыстар мен төбелестер (видео)

Әлемдегі ең бай футбол клубтарын білесіз бе?

Арда Тұран ашуын жеңе алмады (видео)

Катар елі әлем чемпионаты кезінде алкогольді ішімдіктер сататын болды

О. Сансызбай