Әлемдегі ең бай футбол клубтарын білесіз бе?

Әлемдегі ең бай футбол клубтарын білесіз бе?

Мадридтік «Реал» футбол клубы оныншы рет қатарынан әлемдегі ең бай командалар тізімінде көш бастады. Рейтингті әйгілі «Deloitte» компаниясы түзіп шыққан. 

2013/2014 жылғы маусым қорытындысы бойынша «корольдік клуб» 549,5 миллион евро табысқа кенелген. Команда өткен маусымда Чемпиондар лигасы, Испания кубогы және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. 113, 8 миллион евроны өз алаңында өткізген кездесулерден тапса, 204,2 миллион евроны ойындарын тікелей эфирден көрсету құқығына рұқсат беруімен тапқан. Ал жарнама, демеушілік келісімшарт пен клубтың спорттық атрибутикаларын сатудан 231,5 миллион евро қаржыға кенелген. Өткен маусыммен салыстырғанда, мадридтік ұжым 30,6 миллион евро артық табыс тауыпты.

«Deloitte» компаниясы түзген рейтингтің екінші сатысына ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасы орналасыпты. «Қызыл сойқандар» өткен маусым қорытындысы бойынша 518 миллион евро қаржы тапқан. Үштікті 487, 5 миллион евромен мюнхендік «Бавария» қорытындылап тұр.

Әлемдегі ең бай 20 клуб:

1. «Реал» (Испания) - 549,5 миллион евро,
2. «Манчестер Юнайтед» (Англия) - 518,
3. «Бавария» (Германия) - 487,5,
4. «Барселона» (Испания) - 484,6,
5. «Пари Сен-Жермен» (Франция) - 474,2,
6. «Манчестер Сити» (Англия) - 414,4,
7. «Челси» (Англия) - 387,9,
8. «Арсенал» (Англия) - 359,3,
9. «Ливерпуль» (Англия) - 305,9,
10. «Ювентус» (Италия) - 279,4,
11. «Боруссия» Дортмунд (Германия) - 261,5,
12. «Милан» (Италия) - 249,7,
13. «Тоттенхэм»(Англия) - 215,8,
14. «Шальке» (Германия) - 213,9,
15. «Атлетико» (Испания) - 169,9,
16. «Наполи» (Италия) - 164,8,
17. «Интер» (Италия) - 164,
18. «Галатасарай» (Түркия) - 161,9,
19. «Ньюкасл» (Англия) - 155,1,
20. «Эвертон» (Англия) - 144,1.  

Сурет:asia.eurosport.com

О. Сансызбай