Испания футболындағы қақтығыстар мен төбелестер (видео)

 Испания футболындағы қақтығыстар мен төбелестер (видео)

Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Жер бетінде сан мыңдаған жанкүйерлері бар. Бірақ, аса қауіпсіз спорт түрі деп айтуға да келмейді. Жанкүйерлерден бөлек, футболшылардың өзі бір-бірінің өміріне қауіп төндіріп жататын кездер де кездеседі.

Кей статистикалық деректерге сүйенсек, Еуропадағы ең көп тәртіпсіздік орын алатын – Австрия елінің чемпионаты екен. Одан кейінгі орындарға Норвегия мен Германия біріншіліктері орналасқан. Ал бұл қатардан Испания чемпионаты (Ла-лига) да қалыс қалып отырған жоқ. Төртінші орынға жайғасқан. Расында да, бұл ел біріншілігінде қақтығыстар жиі орын алып тұрады. Жақында Криштиану Роналдудың алаңнан қуылуынан кейін, ғаламторға Испания чемпионатындағы ең қауіпті қақтығыстар мен төбелестерден құралған бейнебаян шықты. Ендеше, қарай отырыңыздар. Футбол да – қауіпті спорттың бір түріне жатады.

Cурет: bernerzeitung.ch

Ө. Сансызбай