Бір сәт ой толғау
жеке
блог

Бір сәт ой толғау

Жүріп келем, көзімді жұмып келем,
Көзді ашуға қимастық қылып келем.
Қимаймын ба, білмеймін, қорқамын ба?
Әйтеуір көппен өмір сүріп келем.
 
Көз ілмей бір тынымсыз ойланамын,
Өткен-кеткен сәттерді ойға аламын.
Ес білгелі осынау кезге дейін,
Не бітіре алдым? – деп, толғанамын.
 
Мың ойланып-толғанып жүрген сәтте,
Жоғалттым ба екен уақыт олжаларын?
Жігерімді байлап ап қанжығама,
Енді мен өз ісімді қолға аламын.
 
Жүріп келем, көзімді жұмып келем,
Көзді ашуға қимастық қылып келем.
Жоқ, мұным жарамас, – деп көзімді ашып,
Қазір мен жарқын өмір сүріп келем.