Күннің салмағы қанша?

Күннің салмағы қанша?

Күн – «Құс жолы» галактикасындағы G2 тобына жататын жұлдыздардың бірі. Қазіргі Жер іспеттес ғаламшарлардың бір ортаға тартылып, орбита бойымен айналуы да Күнге тікелей байланысты.

Күннің айналу жылдамдығы полюстарда 32 тәулікте бір рет, ал экваторға келгенде 27 тәулікте бір рет болып өзгеріп отырады. Күн спектрін талдау арқылы Күннің химиялық құрамын анықтауға мүмкіндік туды. Сонымен, Күннің 90%-ы гидроген (сутек), 10%-ы гелий және 0,1%-ы өзге де элементтерден (оттек, кальций, темір, магний, натрий және т.б.) тұрады екен.

Күннің өлшемдеріне тоқталып өтсек:

Күннің Радиусы: R=696 мың шақырым.

Күннің Массасы: M=2·1030 кг.

Күннің сыртқы температурасы: 5775 K (Кельвин)

Күннің орташа тығыздығы: 1,4 г/см3.

Күннің жарықтық өлшемі: L=3,83·1023 кВт.

Сәуленің еркін түсу үдеуі: 274 м/с2.

Күн энергиясы күнделікті атомдық атқылаудан пайда болады. Мысалы, Күн ядросындағы 15 млн К температурада сутек гелийге айналады. Кейін гелий энергиясы сәуле болып орбита бойымен таралады.

Жер Күннен 149 млн шақырым қашықтықта орналасқан. Ол әрбір секундта Күннен 2·1017 Вт энергия қабылдайды. Күннің тартылу күші Жердегі тұрақты өмірдің кепілі болып отыр. Сондай-ақ, Күн энергиясының негізінде Жердегі биосфераның қалыптасқаны да белгілі.

Solar Dynamics Observatory ғарыш обсерваториясы

Астрономдар Күндегі түрлі құбылыстарды зерттеу мақсатында тәжірибе жұмыстарын өткізіп келеді. Зерттеу жұмыстары үшін Күннің тұтылу сәті нағыз ұтымды кез бола алады. Себебі, небары бірнеше минутқа ғана созылатын тұтылу кезінде Күннің хромосферасын, сыртқы қабатын және протуберанцты құбылыстар секілді сутектік толқындарды зерттеуге мүмкіндік туады. Қазіргі кезде Күнді толыққанды зерттеу үшін заманауи құралдар мен әдістер ойластырылған. Айта кетсек, 2010 жылы NASA агенттігі арнайы Күнді бақылау мақсатында ұшырған Solar Dynamics Observatory аппараты жоспарлы түрде ақпарат беріп келеді.

Сурет: en.wikipedia.org

Ж. Өрісбай