Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Айдың екінші жартысына ешқашан жарық түспейді

Айдың екінші жартысына ешқашан жарық түспейді

Айдың екінші жартысына ешқашан жарық түспейді

1959 жылдың 7 қазанында кеңестік «Луна-3» ғаламшараралық станциясы тұңғыш рет айдың бізге көрінбейтін жағын суретке алып, Жерге жібереді. Суреттің сапасы маңызды емес болатын. Себебі сол уақытқа дейін мүмкін болмаған Айдың қараңғы бетін көру ғалымдарды қуантқан еді.

Расында Ай бізге тек бір жағымен ғана айналады. Ал оның екінші жартысы біздің көзден тасада қалған. Бұл Айдың Жерді айналу жиілігі мен өз осінде айналу жиілігі теңдігіне байланысты. Нақтырақ айтсақ, Ай Жерге жақындаған сайын Жердің тартылу күшіне бейімделіп, өз айналу жиілігін бәсеңдетіп алған.

Осындай теориялар Айдың бізге белгісіз жарты шарына мүлде Күн сәулесі түспейтінін дәлелдейді. Бірақ бұл шындыққа жанаспайтын гипотеза. Кез-келген ғарыш нысаны секілді Ай да Жер және өзінің осі бойымен айналады. Бір қызығы, айдың бір тәулігі (Жерді айналу жиілігі) Жердің 29,5 тәулігіне (өз осінің айналу жиілігі) тең.

Айдың қозғалысын оның өзгеру фазасына қарап бақылауға болады. Уақыт жиілігінде Айдың толық немесе жартылай көрінетін бейнесі өзгереді, яғни айдың жарты шарының кез-келген аймағы әр 15 тәулік сайын бір рет Күн сәулесіне шағылады. Ай қатпары күндізгі уақытта +115 °C температурада ысып, түнде -170, кейде -240 °С-қа дейін төмендеп кетеді. Ендеше Айдың жарық түспейтін бөлігінде болатын температураны елестетудің өзі мүмкін емес.

Сурет: www.omegawatches.com

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 16 желтоқсан 2014, 18:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.