Жер гравитациясыз өмір сүре ала ма?

Жер гравитациясыз өмір сүре ала ма?

Жердің Күн орбитасымен біркелкі айналып жүруі екеуіне ортақ гравитацияға байланысты. Ал тартылу күші, өздеріңізге белгілі, тұрақты әрі өзгеріске ұшырамайды. Алдымен ғалымдар осындай теорияға келген. Ал егер Жердің гравитациясы өзгерсе ше? Мұндай жағдайда бізді қоршаған көптеген табиғи құбылыстың құрылымы мен функциясы өзгере ме?

Гравитацияның өзгеру мүмкіндігін қарастыру үшін оның өзі қандай құрылымға ие екенін анықтап алған жөн. Гравитация – екі атомды бір-біріне тартып тұратын күш. Оны көзге елестету үшін екі шар тәрізді нысанды алып қаралық. Екеуінің массасы мен айналу жиілігі (егер ғаламшар ретінде елестетсек) олардың арасында болатын гравитация күшін қалыптастырады. Демек Жердің немесе Күннің айналу жиілігі әлде массасы өзгеретін болса, ол гравитацияның да өзгеруіне септігін тигізеді екен. Графитацияны өзгертуге, әсіресе Жердің массасы көп әсер етеді.

Гравитациясыз біз өмір сүре аламыз ба?

Ендеше физика туралы сөзді доғарып, Жерді гравитациясыз елестетіп көрелік. Жердің тартылыс күші болмаса, Жердегі бар дүние көкке көтеріліп кетер еді. Ал ғаламшарымыздың өз осіндегі немесе Күн орбитасындағы айналу жиілігі өзгерер болса, Жерде хаос басталады. Мысалы, жиілік баяуласа, ауа массасының қозғалысы азаяды, яғни жел жылдамдығы төмендейді. Ал жел жылдамдығы төмендесе, мұхиттардағы жылы ағыстар тоқтап, климаттың өзгеруіне алып келеді. Жерді мұз басады. Егер жиілік жылдам айналуға басатын болса, керісінше жел жылдамдығы артып, климат ыси түспек. Ыстық климаттың әсерінен Арктика мен Антарктида мұздары еріп, су басуға айналады.

Жердің тартылу күші атмосфераны да тұрақты ұстап тұр. Мысалы, Айдың беткі қабатында атмосфераның қалыптасуына жеткілікті гравитация жоқ. Сондықтан Айда тіршілік болуы екіталай. Тіршіліктің Айда бұрын болғанын не болмағынын да нақты айту қиын.

Дөп келтіріп айтқанда, Жерде гравитация болмаса тіршіліктің сақталуы мүмкін емес. Ал Жердің тартылу күші артатын болса да, жағдайымыз қиын болмақ. Себебі Жерде бар кез-келген нысан екі есеге ауырлайды. Ғимарат немесе көпір секілді құрылыс нысандарының негізгі тірегі сыр беріп, құлайтын болады. Ауаның қысымы да артып, ауа-райының қалыпты өзгеруіне алып келеді.

Демек адам баласы дәл қазіргі гравитацияның арқасында тұрақты өмір сүріп келеді екен. Пайдалы қазбаларды мөлшерсіз қазып ала беру де Жер массасының өзгеруіне жеткізеді. Ол Жердің тартылу күшіне әсер ететіндіктен, қазба жұмыстарын барынша ретімен жүргізген жөн.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жаным, айтсам сенбейсің!" фильміне киносыншылар көзқарасы
"Жаным, айтсам сенбейсің!" фильміне киносыншылар көзқарасы
Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт
Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт
Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы
Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы
Темекіні тастауға итермелейтін 12 дерек
Темекіні тастауға итермелейтін 12 дерек
Сіз туралы әтір сөйлесін
Сіз туралы әтір сөйлесін
НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын
НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын