Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Тіл киесі

Тіл киесі

Тіл киесі

                                     Тілің құрметтемегеннін жейтін таяғы
       Көптен бері сәті түспей жүрген кездесу бүгінге бұйырды.Тілдессем, сырлассам деп жүрген Күнсұлу апаймен бүгін кездеспекке шештім. Анадайдан көзге оттай басылатын үйге ену менің арманым еді.Өйткені, бұл үй тәрбиенің нағыз көзі. Күнсұлу апай мен марқұм Елең ағай балаларың тек қазақша тәрбиелеп, қазақша оқытты. Ең бастысы, балалары адал әрі шыншыл болып  өсті. Қызың қияға қондырып, бүгінде ұлдары мен немерелерінің қызығын көріп отырған бақытты әже.
      Түске қарай қолыма арнайы қойын кітапшам мен қаламымды және фотоаппаратымды  алып, діттеген жеріме келдім. Есіктен кірген бойда:
-Кел, қарағым төрлет! Қош келдің! Төрлет,төрлет айналайын....-деп өзінің бар ықыласың білдірді. Немерелері де  келіп,сәлемдесіп жатыр.   
-Қалқам, шәйіңді қой. Қонақ келді. Кел,кел! Отыр,отыр....Қысылма
-Иә,апа,әуреленбей-ақ қойыңыз.
 Көп өтпей-ақ, дастархан жайылып, шәйге шақырды.  Дастархан басында, өзінің жастық шағын, соғыспен сәйкес келген балалық шағын еске алды.
        Бір кезде  өзінің сандығында сақталған керемет суреттерді көрсетті.Оны мен құр қалдырам ба фотоаппаратыма суретке түсірап алдым. Апайдың әр айтқанын жазып алып жатырмын.Бір кезде қолына бір суретті алып,ұзақ ойланып қалды.Мен де ұятты ысырып қойып, бұны қазбалап сұрай бастадым. 
-Әй, қалқам!  Бұл мен және отағасы. Ал, бұл адам,-деді суреттегі түрі таныс емес ағаны нұсқап:  Отағасының досы Амантай. Алайда тауқымет пен сордан  айырылмай-ақ өтті ғой. Өзі оқу қуып,қалаға кеткен еді. Бірақ, ол орысша оқып, бар білімін орысшаланып кетті. Ауылға келіп, үлкендермен амандасуды да ұмытты. Келінді келіндей, ағаны ағалай сыйлауды ұмытты.  Өзін асырап,баққан "жалғызым"деп барын аузына тосқан ата-анасын  сыйлаудан қалды. Кішіге күлкі, үлкенге мазақ болды. Ал, жалғызының күйігіне шыдай аалмай, анасы жүрек ауруынан , әкесі құса болып қаза тапты. Кезінде менің жолдасымның жақын досы болған ол, бізге келіп тұрғанмен, тым жақын бола алмады. Оның бар кінәсі, тіліне деген сатқындығы болды ғой. Бірақ, қаладан орыс әйел алды. Бала сүйді..... Амал қанша, жақсы тәрбиеледік деп жүрген ұлы үй болды. Бірақ ,ата-анасын далада қаңғыртып қойды. Пана етіп біздің үйге келді. Оның жүзі солып, ұрты суалып, тығыншықтай денесі былжырап қалдыпты. Ол келген бойда, Елекеңге бас сүйеп, көз жасын көлдетіп қоя берді. Біршама күн үнсіз жүрді. Біз де үнсізбіз. Тек бір күні таң сәрі де, көптен бері сөйлеп көрмеген тілің икемге келтіріп соңғы сөзің айтты.
     -Елең, Күнсұлу мен көп қателестім! Ата-анамның, халқымның, тілімнің қадірін кеш  түсіндім.Өзімше заманға сай болам деп шектен шықтым. Мені өзгерткен тіл. Ана тілдің киесі ұрды. Ата-анамды ең болмаса, соңғы сапарға шығармадым да. Өкінемін, өкінемін.............. Бірақ, өткенді қозғап, біткен жараның аузын тырнағанннан не пайда! Мен қазақша сөйлей аламын. Тіпті, беске білемін. Намыстанатын едім.Кінәм сол. Енді ,міне, мүсәпір күйге түссем де ешнәрсеге намыстанатын жайым жоқ. Өйткені, мен бәрін жоғалттым. Оның орнын ештеңе толтыра алмайды. Өтінемін, ең болмаса сендер кешіріңдер,-деп кеңкілдеп жылап қоя берді.Біздің  Елекеңмен  бірге орталарына мені алып суретке түсті.Мына сурет Амантайдың соңғы суреті.Көп өтпей дүниеден озды......
     Біраз тыныштықтан кейін әңгімеснің түйінің айтты:
-Қызым, менің ойымша, оның бәрі тілдің киесі.Қазақ айтпай ма тілің қадірлемегенді,елі қадірлемейді деп. Сенің әлгі газет-журналға жазғандарынды оқып отырамын. Сен де тілдің жанын ойлап жүрген бір адам екенінді білемін.Басқа пәле тілден. Қызым, ана тілің қадірің. Киелі болғандықтан оның киесі де болады,-деп әңгімесін аяқтады.
    Бірақ бұдан кейін де Шехризаттың 1001 түнге созылған ертегілері сияқты,Күнсұлу апаның әңгімелері де таусылмады.Бәрі бірінен-бірі өтеді.Бірақ ертесі қалаға кететін болғандықтан, алғысымды білдіріп үйіме қайттым.
      Бұл кездесудің әсерімен ұзақ жүрдім. Иә, апай айтқан әр сөз құлағымда. Бірақ, сіздерге жазып отырған әңгіме одан да ерекше! Өйткені, тәрбиенің бастауы тілдің тазалығында екенін өмірдің өзі дәлелдеп кетті.

3
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 31 қаңтар 2013, 21:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.