Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мен сенің алғашқы фанатың боламын....

Мен сенің алғашқы фанатың боламын....

Мен сенің алғашқы фанатың боламын....

Мен адам болып туғаным үшін бақыттымын. Өмірде бақыт іздеп адасқандар болса, желкесінен шап беріп ұстап алып, "Сен – адамсың! Сен – бақыттысың!" дегім келеді. Бірақ, сол бақыттың негізгі құпиясын айтпай тұрып олай деуім дұрыс болмас та еді. Өйткені, менің бақытымның кілті арманымда жасырулы.

Мен – армандай алатыным үшін бақыттымын. Қиялымда шек болмағандықтан болар, әр қилы әлемнің есігін кейде қағып, кейде тебіп кіре беремін. 

Бүгін сіңілім "Арман" туралы жазшы деп еді. Осы жазбамды Дикошыма арнаймын.

Дәл қазір – түн ортасы таяп қалды. Ал, сенің қолында ұялы телефон.. Жатқаң да боларсың. Оқып кіріспестен бұрын мына қызықты әуенді "шырқ" етіп қосып қой. 

Сен нені армандайсың? Арманның үлкені, кішісі, толығы, арығы, не қисығы болмайды. Арман ол – дерексіз зат. Бірақ, дәмін сезіп, қолмен ұстауға болады. Арманың шындыққа айналғанда, арманыңа қол жеткізу үшін тер төгіп жүргенде сезесің! Ол – еңбек деп аталады.

Ал, қолыңа ұстасаң, бұл – нәтиже.

Армандауды үйрену үшін мына әлемге деген қызығушылығың  болуы тиіс. Айналаңа қарашы, сен жатқан керуеттің жанында орналасқан тоқ көзін көрдің бе? Тоқтың келуі, оның шығу тарихы, оны ойлап тапқан адам, оның жылдамдығы сені толғандырып көрді ме? Өзің ойлап қарашы, мына әлемдегі біз қолданатын барлық зат біз секілді адамдардың көмегімен жасалған. Олардың еңбектері саған ешқашан күш-жігер бермеді ме?

Менің алғашқы арманым есімде жоқ, соңғы арманым болмайды.

Дикошым, арман деген нәрсе шексіз. Кез келген нәрсеге қарап қиялдай беруіңе болады. Орындалатын нәрсені ғана армандаудың еш қызығы жоқ. Керісінше, ешкімнің қолы жетпейтін нәрсені арманда. Өмір сенен нені талап етеді деп ойлайсың? Жоқ, жоқ, бұл сұрағым дұрыс емес. СЕН ӨМІРДЕН НЕНІ ҚАЛАЙСЫҢ? Шалқып өмір сүру, білімді болу, айға сапар шегу, әлемді аралау, ешкім жазбаған әлемнің құпия сырларын ақтару, өмір бақи зерттеу жүргізу....

Саған менің өмірдегі ең күлкілі арманымды айтайын ба?

Пицца таситын, скутері бар қызметкер болу. Иә, кәдімгі пицца тасығым келетін. Әлі де ойымда бар. Өзің ойлап қарашы, кешкі салқын жел, сен болсаң ыстық пиццаны уақытында жеткізуге асығып барасың. Желдің екпінімен жаңа піскен пиццаның иісі мұрныңды жарып бара жатыр. Діттеген жеріңе жетіп, есікті қағасың: "Жеткізу қызметі" деп, адамдардың тағатсыздана күтіп отырған затын қолына ұстатасың. Олар бақытты, сен бақыттысың...

Сол секілді мен жиі үй алуды армандаймын. Жоғааа, бұл дүниеқоңыздықтан емес, жай өзге қалада өзімнің бауырларым мен туыстарым, достарымды шығарып салып, күтетін үйім болса деймін. Менің жатын бөлмемде балкон болса, тіпті, жақсы. Жоқ, ол үйім арқылы шатырға шыға аласам... Шатырға  сәкі орнатып қойып, жазды күні қаланың тымырсық ауасынан шаршаған сәтімде, жоғарыға шығып жұлдыздарға бір қарап рахаттанып алсам...

Әскери адам болуды қатты армандағанымды білесің ғой...Бұл арманым шынайы өмірмен достасқысы келмеді. Бірақ, бір күні екеуінің жолығатынын білемін...

Дикошым, егер нені армандайтыныңды анықтай алмай жүрсең, қағаз ал да "Армандар картасын" жаса. Менде де үйдің қабірғасында армандар картасы жасақтаулы тұр. Олардың шындыққа айналуы үшін, алдымен, сенің санаңда шындыққа деген сенім керек. Мен білемін, бүгін болмаса да сол қалауларымның барлығы іске асады. Оған сен күәгер боласың, өзгелер куәгер болады.

Менің негізгі арманым – сендердің армандарыңды шындыққа айналдыру. Сендер ешқашан тарлық көрмесе деймін.Дәл қазір жаныңда мен бармын, сондықтан, алаңсыз білім ал, арманда, оқы, болашақта саяхатта! Мен сенің бар жетістігіңнің бірінші фанаты боламын! Мен сенің бар арманыңның шындыққа айналған сәтіңнің куәгері боламын.  

АРМАНДА! АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!

 

6
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 10 қараша 2017, 00:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.