жеке
блог

“Work and travel”: ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Осыдан бір жыл бұрын Америкаға баруды жоспарладым десем өтірік болар. Өйткені, бұл таңдауды жасауыма белгілі бір адам себепші болды. Оған дейін мынандай себептер кедергі келтірді:
1. Өзіме деген сенімсіздік
2. Тіл мәселесі
3. Қаражат жағдайы
Дегенмен, бәріне қолды бір сілтедім де “көрейін” деген оймен тапсырдым.

1. Қазақстанда бағдарлама бойынша жұмыс істейтін екі компания бар: ЦМО және КСЕТ

Екеуінің не айырмашылығы бар? Қайсысы дұрыс?

Мен ЦМО-ны таңдадым. Екінші компания арзан болғанымен мәжбүрлі түрде билет алғызады, виза алу үшін әңгімелесу аймағына ылғи кеш кіреді әрі сол компаниямен жұмыс істегендердің жартысы виза ала алмайды. Бұл биылғы барған қатарластарымның айтқанына шығарған қорытынды. Арзан деп қақпанға түсіп алып, кейін жылап жүргендерді көрдім. Бірақ, мен онымен жұмыс істемеген соң толық анық-қанығын білмеймін.

ЦМО:
-Студенттермен басынан аяғына дейін жұмыс істейді.
-Ылғи бақылауына алады
-Виза алу үшін өтетін әңгімелесу күндерін ыңғайлы таңдап, барынша қолдау көрсетеді.
-Қымбаттырақ.

2. Тек студенттер бара ма?
- Иә, бакалавр деңгейі бойынша 1,2,3 курсты аяқтағандар, магистратураның алғашқы жылын тәмамдағандар да мүмкіндік бар.

3.Жұмысты қалай табамыз?
- Арнайы сайт бар немесе осыған дейін барып келген балалар сатады. Тек сатып қана қоймай жұмыс берушімен араласып, танысуға мүмкіндік береді. Бірақ,сақ болыңыз. Жер сипатып кететін алаяқтар бар. 
Бұл егер “self” бағдарламасын таңдасаңыз.

“Full” таңдасаңыз компания өзі тауып береді. Бірақ, көбісі компания тауып берген жұмыстан қашады.

4.Қанша қаражат жұмсадың?
Мен кеш тапсырдым:қараша айында. Ол кезде бағасы 2500$ болатын.

Енді есептеңіз:
2500$- бағдарлама (тапсырған уақытына байланысты ауысады)
300$ - Джоб Оффер
25000 тг - бастапқы жарна
160$ - визаға тіркелу
700$ - билет
700$ - алғашқы жалақы алғанша өмір сүруге керекті қаражат.(Аз алуға болады).

5. Виза алудың оңай жолы бар ма?
Өкінішке орай, жоқ. Ағылшын тілін үйрен, оқы зертте, сізбен тілдесетін адаммен еркін сөйлес, мақсатыңыздың айқын екенін көрсетіп, жарқын күлсеңіз өзі-ақ береді. Бастысы, елге оралатыныңызды сездіріңіз...

6. АҚШ сізге не берді?
Өзіме деген сенімділігімді арттырып, өзімді сол қалпымда қабылдауыма мүмкіндік берді. Жаңа достар, қызықты орта мен ерекше адамдармен кездестім. Америкалықтардың мінсіз емес екендігін ұқтым. Қазақтардың арасында бірге жүрген досына сатқындық жасап, неше түрлі әрекетке барғандарды да кездестірдім. Мүмкіндік әрі қызмет көрсетудің жоғары дәрежеде екендігін көрсетті.

7.Қандай кеңес бересің?
- Өзің үшін өмір сүр!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі