Еріңізге не сыйлаймын деп жүрсеңіз...
жеке
блог

Еріңізге не сыйлаймын деп жүрсеңіз...

Нәзік жандыларға сыйлықтың түр-түрін алуға болады. Ең оңайы гүл десек, одан ары әтір, тәтті шоколад,  мойын орағыш, жұмсақ ойыншық, түрлі косметика мен әшекей бұйымдар.  Таңдау өте көп, бастысы сүйіктіңіздің талғамына сай келетін сыйлық болса болғаны.

Ал, ер адамдарға сыйлық сыйлауға қыздар қауымы қатты қиналып жатады. Басты проблема оның талғамын табудан бұрын, қандай сыйлық  сыйлауда болып жатады. Сонымен бүгін біз ерлерге сыйлауға болатын сыйлықтардың бірнешеуінің тізімін жазып шықтық.

Суреттердің барлығы да Grand Park сауда үйінің 7 блогындағы бутиктен түсірілді. Суреттегі және басқа да заттар сізге қызықты болса, сіз аталған бутиктің өзіне барып көруіңізге болады немесе инстаграмм желісіндегі @sumkigrandpark нигін тауып алып тапсырыс беруіңізге болады) 

Әдемі ремень мен түрлі барсетка және брелок ешқашан ер адамға артық болмайтын сыйлық. 

Сонымен қатар, теріден жасалған бағалы әмияндар да кез келген ер адамға үлкен қуаныш сыйлайтыны анық :)

Қазіргі кезде әмияндардың көптеген түрлері бар. Таңдау көп:) Сондықтан, өзіңіздің жақыныңыздың талғамына сай әмиянды таңдап алудың мүмкіндігі бар))

Егер сыйлық бергіңіз келген адамыңыз қандай түсті және қандай көлемдегі әмиян пайдаланатынын біліп алсаңыз болғаны :)

Осындай әдемі барсетка да жақсы сыйлық)

Мереке сайын жақындарыңызды қуантып сыйлық сыйлау сыйлықты алушыға да сыйлаушыға да қуаныш сыйлайтыны рас. Қыз - келіншектерге арнап сыйлық таңдау оңай болуы мүмкін, ер адамдарға сыйлық таңдауда біраз қиындыққа тап болатынымыз рас. Өзінен сұрасаңыз «ешнәрсе керек емес» - деп жауап беру мүмкін алайда, ол сыйлық сыйламай-ақ қоюға болады деген сөз емес. Өйткені ер адамдар көбіне қандай сыйлық алғысы келетінін өзі де білмеуі мүмкін, бірақ сыйлық алғанды кім жек көреді?!

Қалтаңыз қалың болса, бұдан да қымбат сыйлықтар алып, сүйіктіңізді қуантуыңызға болады. Сыйлық беруде басты нәрсе ол - көңіл. Ең бастысы, ерекше ықылас пен ізгі ниет. Жалпылай қарап отырып, санамалап шықтық. Дегенмен, бәрі де сүйікті адамыңыздың талғамына байланысты екенін есте ұстағаныңыз абзал.

Cонымен қатар, мынадай көзілдірік те кез келген ер адамға жарасымды)

Көзілдірік қысы-жазы керекті зат)

Бағасы да қолжетімді, көрер көзге де ыңғайлы әрі сәнді көзілдірікке таңдау көп)

Бұл заттардың барлығын сіз Сайын және Алтынсарин көшесінің қиылысындағы Гранд парк сауда үйінің 7 блогынан таба аласыздар:)

Инстаграмм арқылы басқа да тауарларды қарап тапсырыс беруге да болады! @Sumkigrandpark