Балаңызды қайда қыдыртамын деп жүрсеңіз

Балаңызды қайда қыдыртамын деп жүрсеңіз
жеке
блог

 

«Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада» деген бабаларымыз. Бала атаулының есіл-дерті ойын ойнау екені рас. Жарық дүние есігін ашқан әрбір адам ойын арқылы өседі.

Ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамытатын, қиялына қанат бітіретін қызықты ойындар балаларға кішкентай кезінен бастап қоғаммен араласуды үйретеді және татулыққа тәрбиелейді.

Күнделікті таңертеңнен кешке дейін ойынның қызығына батса да, бала деген ешқашан ойынға тоймайды.

Ойын мінез ерекшелігінің қалыптасуына және бала мінезінің ашылуына септігін тигізеді. Қоғаммен байланыс орнату, қоршаған ортамен тіл табысу тәсілін бала ойын ойнау арқылы үйренетіндігін ескерсек, балаларымызға назар аударып, оларды ойын алаңдарына апарып тұруымыз қажет. 

Осы ретте, мен алдыңғы аптада қызымды "Глобус" сауда орталығындағы @baby_boom_globus ойын алаңына ойнатуға апарған болатынмын :) Мен бұл жерді инстаграмм желісі арқылы тапқан едім) Өкінген жоқпын. Тамаша жер)))

 

Әдетте, бір жерге шықсам "Мамалап" етегіме жарнамасатын қызым осы ойын алаңынан шықпай ойнады:) Өйткені, мұндағы ойыншықтар бала үшін өте қызқты әрі сондай әдемі екен)

Қызық болғаны соншалық, тіпті, өзім де "баламмен бала болып" бірге секіріп, ойнап кеттім ^_^

Осындай, шардың ішіне кірген біз өзіміздің жұматың ішінде жүргендей сезіндік:)

Арасында, тіпті сурет салып та үлгердік)

Шынымен де, қызықты болғандықтан, кетерінді қызым "кетпеймінге салып" жылағаны рас ))

Бала тұрмақ, өзімнің де кеткім келмей қалды)

Сондай жылы әрі тартымды орын екен)

Машинаны қатты жақсы көретін едік, планын орындадық :)

Қызым мәз, бастысы соның риза болғаны ғой)

Арасынан өзімізге достар да тауып үлгердік!)

Қызыма барлығы да қызықты болды)

Мотирикалық жұмыс істеуге де мүмкіндік туды:)

Абай және Әуезов көшелірінің қилысында орналасқан "Глобус" сауда орталығының екінші қабатындағы осы алаң біз үшін тым ерекше болып қала бермек!) Енді, жиі-жиі келіп тұруды мақтап етіп отырмыз) Ал, сіздер ше? Балаларыңызды қандай жерлерге апарып ойнатасыздар, достар? Бөлісе отырсаңыздар екен)