Ең әдемі тюрбандар желісі
жеке
блог

Ең әдемі тюрбандар желісі

 

Тюрбан. Атауының өзі әдемі естіледі, иә?) Сыртқа шашты көрсетпей тағатын бұл орамал үлгісін қандайда бір діни ұғым негізінде қалыптасқан деп ойлап қалмаңыз.

Мұндайды әрбір ару, қыз-келіншектер қалауына қарай басына тартып алуына болады. Өйткені «тюрбан» үлгісі сән әлемінде жоғары бағаланып жүр. Сәнді тренд мезгіл таңдамайды...


Бәрі өз қолыңызда, ауа-райына байланысты орамалыңызды түрліше өзгерте беруге болады: жаздық, күздік... «Тюрбан» қалпақ немесе қандай да бір әдіспен тігілген бас бұйымы емес. Ол қарапайым орамал, мойын орағыш немесе мата болуы да мүмкін.

Ең бастысы, өзіңіздің ажарыңызға жараса кететін әдемі матаны, орамалды, мойын орағышты таңдап алу. Тюрбан нәзік жандылардың тұрмыстық жағдайын таңдамайды, мұндай үлгіні сіз де пайдалана аласыз.

Бәрінен де бұрын орамалды өзіңе жарасымды, әрі көлемді етіп дұрыс орай білу.Бір ғана айта кететін кеңес, таңдалған мата түсі бет әлпетіңізге, сонымен бірге киген киіміңізге үйлесіп тұратын болсын.

Көптеген елдерде тюрбан символикалық мәнге ие және оны тек нақтылы ниетпен тағады, оның ішінде діни негізде. Және тағу амалына байланысты байлау тәсілдері де әр түрлі.

Бүгінде тюрбанды діни сеніміне және нақтылы амалдарына байланыссыз кез келген адам таға алады. Және бұл бас киім кез келген матадан, кез келген түстегі орамалдан байланады.


Көп жылдар бойы тюрбан сәнқой қыздардың сұранысына ие бұйым болып келеді. Стильдер мен сән бағыты қанша ауысса да тюрбан көптеген коллекциялар мен көрсетілімдерде әлі қолданылып келеді.

Сонымен қатар, шаш үлгісіне көңілі тоймайтын қыздар үшін таптырмас әмбабап бұйым.

Тюрбанды жазда ыстық күннен қорғану үшін, ал қыста жел мен суықтан қорғану үшін тағуға болады. Қазірде тюрбанды мойынға тағатын көлемді әшекейлермен үйлсетіру ерекше сәнде.

Егер өзіңізге жарасатын түс пен тығыздығы сәйкес матаны пайдаланып, тюрбан тақсаңыз бейнеңіз сәнді әрі заманауи көрінетін болады.

Мұндай сәнді бұйым нәзік жанды арулардың биязылығы мен биік талғамын айқындай түседі.

Бұл суреттегі менің сүйікті брендім Алматы қаласындағы Turban Style желісі.

Нурия есімді кәсіпкер басшылық жасап отырған бұл ұжымның қыздары өте еңбекқор:)

Кез келген тюрбаны тұтынушыларының ажарын ажа кететінін байқадым:)

Нурия ханымның тюрбандарының сапасы жоғары болғаны соншалық, қанша жуса да түсі кетіп қалмайды және түтіліп кетпейді екен.

Бұл тұтынушылары жолдаған суреттер :)

 Еңбегінің әрқашан жемісті болсын Нурия ханым! Сізді бір жылдықтарыңызбен құттықтаймын :)

Сондай әдемі жұмыстарыңыз)

Модельдеріңізге тюрбандарыңыз өте үйлесіп тұр:)

Қыздар, қараңыздаршы, керемет, иә, расымен де?

Бәәәәәәәәәәәәәрін алғың келіп кетеді екен:)

Клиенттеріңізден жүзінен-ақ, көрініп тұр оларға қатты ұнағаны)

Туған күніңмен, Turban Style ***

Осы тюрбандарды сіз инстаграмм желісінен Turbans.style нигі арқылы тауып, жазылып тапсырыс берулеріңізге болады:) Нурия есімді сұлу да, сымбатты ару сіз үшін қызмет етуге әркез дайын)

Инстаргамм арқылы түрлі жұмысына куә болыңыздар)

Нурия ханымның командасы сіз үшін әрқашан эксклюзивті өнім жасауға құштар)

Қараңыздаршы, Нурия ханымның өзінің жүзінен нұр төгіліп тұр. ал, жұмыстарынан жағымды энергия еседі:)