Хоббиді қалай табыс көзіне айналдыруға болады?
жеке
блог

Хоббиді қалай табыс көзіне айналдыруға болады?

«Әркім жәрмеңкені өзінің тапқан затына қарап бағалайды», – деп испан данышпандары айтқандай, дүниенің қалтарысы мен бұлтарысын да әркім өзінше түсінеді. Өмірде әркімнің айналысатын өз сүйікті ісі болады.

Осы ретте, біздің бүгінгі кейіпкеріміздің  мамандығы терапевт маманы болғанымен, бос уақытында қолөнермен айналысады. 

Ендеше, таныс болыңыздар Меруерт Әлібекқызы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас өңірінде дүниеге келген. С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университетінің Терапия факультетінің түлегі, бүгінде өз жұмысымен қатар, хобби ретінде қолөнермен саласын алып жүрген жандардың бірі. 

Он саусағынан өнер тамған шебер жүрегі қалаған іспен айналысу арқылы зор қуанышқа кенеліп жүргенін тілге тиек етті. Меруерт ханымның айтуынша, ең бастысы ішкі көңіл толушылық пен тапсырыс беруішінің сенімділігін ақтау. "Маған ең маңыздысы, клиенттің сенімінен шығу. Асығыс-үсігіс тапсырысты аяқтау керек деп қалай болса, солай жасау салу менің табиғатыма жат. Мен қандай жұмысты бастасам да, соған бар жанымды саламын",- дейді кейіпкеріміз ағынан жарылып. 

Расымен да, Меруерттің қай жұмысын алып қарасаңыз да ерекше қайталанбас дүние екенін байқау қиын емес.

Автордың әрбір туындысы өзіндік ерекшелігімен бірден көзге түседі.

Жасалуынан бір мән таппайсыз. Дизайны  жағы­нан танымал брендтермен бәсекелеске түсуге қауқарлы.

Негізінде, қолөнер әркім әр түрлі жолмен келеді. Бірі - ақша үшін яғни, осы кәсіпті табыс көзіне айналдыруды көздесе, енді екіншілері жанына рахат сыйлау үшін ойын тынықтыру үшін тоқып жатады. Мен осылардың екіншісіне жататын шығармын. Бір нəрсені ерекше көңілмен жасағанды жақсы көремін. Əр бұйымды жасаған кезде қиялыма ерік беріп жіберемін де асқан махаббатпен дайындайтан болар əр жасаған дүнием бір-біріне ұқсамайды.Өз алдына эксклюзив", - дейді шебер ана бір сөзінде. 

Бір сөзбен айтқанда, Меруерт ханым ұлттық қолөнерді жаңа заман трендіне айналдыра білген бірегей кәсіпкер. Бүгінде оның өнімдері елімізде үлкен сұранысқа ие.

Бастапқыда шебер өз дүниесін өзгеге сату үшін емес, өзі үшін жасағанын, кейіннен барып бұл іс белгілі бір кәсіпке айналғанын тілге тиек етті. 

Біздің осы материалды жазудағы негізгі мақсатымыз бір шетінен, осындай талантты аналарды қолдау, екінші жағынан бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп отырған барша аналарға ой салар деген тілек болатын:)

Меруерт ханымның басқа да жұмыстарымен таныс болғыларыңыз келсе, парақшаларына жазылып қойыңыз:) Тапсырыс берсеңіз лезде дайыпдап бере алады. Ал, сәттілік!)

Нәрестенің қырқынан шығару рәсіміне және т.б. жақсылықтар кезінде таптырмас құрал :)

Инстаграмм желісінен kazakh_oyu_ornek аккаунты арқылы көре аласыз :)

Осындай сәнді де әдемі тюрбандар да табыла кетеді :)

Ерекше дизайнды орамалдар да бар!

Бір қызығы, сіз өзіңіздің қалауыңызша кез келген орамалға, тюрбанға тапсырыс бере аласыз. Эксклюзивті жұмысыңыз жасалынады.

Ерекше стильдегі әдемі орамал қажет деп тапсаңыз, барлығы да сіз үшін)

Қазақы ою-өрнектер тюрбанға салынғанда өте әдемі көрінеді.

Хобби – жұмыстан соң тынығуға, шығармашылықпен айналысуға арналған керемет әдіс.

Хоббидің бір пайдасы, жабырқаған көңіл де көтеріледі, күні ұзақ жауырынға мінген шаршауды түсіруге септігін тигізеді. Жақсы ермек жақсы кәсіп көзі бола алады. Әрине, ол үшін түгесілмейтін қиял мен таусылмайтын шабыт керек. 

 

Кейде өзімізді тыныштандыру үшін белгілі бір іспен айналысу қажет болады. Ал, сіз ондай жағдайда өз хоббиіңізді таба білсеңіз,  сіздің осы әуесқойлығыңыз табысыңыздың негізгі көзі бола алатындығы туралы ойланып көрдіңіз бе?

Шыны керек, қазіргі кезде аналардың бос уақыты шектеулі болса да, ретін тауып, сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып жүргендері аз емес. Сондай, он қолынан өнер тамған өз ісінің хас шебері бола білген ісмер аналардың бірі Меруерт ханымның отбасына береке-бірлік, бастаған ісіңе табыс тілейміз! 

 Бүгін біз сіздерге қарапайым хоббиден қалай табыс табуға болатындығы туралы айттық. Әрине, бұл үшін бар күш жігеріңізді салып, үнемі даму үстінде болу қажет. Егер сіз неден бастау керек екендігін білмесеңіз, жүрегіңізді тыңдаңыз, неге икемді екеніңізді біліп алсаңыз, бастап кету қиынға соқпайды.