Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?

Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?
жеке
блог

Кирилл әліпбиінде жазылған сөздер түбір сөзге дейін, түбір сөз буындарға, буындар дыбыстарға жіктеліп, түбірі түзетіліп, қайтадан жұрнақ - жалғаулары жалғанады.  Одан ғана нәтижесі кейін латиницаға аударылады.

Тілімізге жат дыбыстарды білдіретін әріптер («ц», «щ», «ъ», «э», «ч», «ь») қатысқан басқа тілден келген терминдер архаизмге айналып кеткен көне сөздермен немесе өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделіп алынған басқа сөздермен аударылуы керек. Ал оның ішінде қалып кеткен әріптер келесі әріптер тізбегімен аударуды ұсынамын: ц-тс, ч-тш, щ-шш, э-е, и-(ій, ый), я-( ыйа, йа), ю-(йыу, йіу), у-(у, ыу, іу, үу, ұу).

Мысалы:

сою сөзі оның түбірінен таратылып сой + «ыу = сойыу болып өзгертіліп «soіyu»  болып аударылуы керек;

оқулық - оқы + у + лық;  

су - сұу. Бұл сөз "қазақтың кез келген буында  бір дауысты дыбыс болу керек",- деген заңына қарсы;

тию - тій + іу;

тиянақты - тый + а + нақ + ты. Бұл жерде ия тіркесі қазақтың дыбыс үндестігі заңына байланысты буындарға жіктеліп, қайта құрастырылды;

қуыршақ - құу + ыр + шақ. Бұндағы құу - қураған деген мағынаны білдіретін сын есім, ыр - етістік тудырушы жұрнақ, шақ - зат есім тудырушы жұрнақ;

сиыршы - сый + ыр +шы;

буалдыр - бұу + ал +дыр;

суса - сұу + са;

мая - май + а;

ою - ой + ыу;

күю - күй + іу болып аударылуы керек.

25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері.

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы

Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Ертегілер Мақта қыз бен мысық, Бір үзім нан, Алтын сақа,  Тазша бала