Аптаның үздік блогы анықталды - 9

Аптаның үздік блогы анықталды - 9
жеке
блог

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Әдеттегідей осы аптаның жеңімпазы анықталды!

Бұл аптада сайтымыздың блог-платформасында алпыстан астам блог жазылыпты. Блогшыларымыз қоғамдағы маңызды проблемалар мен тенденцияны қозғай білген. Сонымен тоғызыншы аптаның үздігі атануға үміткер бола алмаған (көрілім және пікір саны аздығы мен авторлық талаптың жоқтығы), дегенмен тақырыбы мен сөз орамын мардымды жеткізе білген блогшыларымыз бар. Сондықтан оларды да атап айтуды жөн деп білдік. Сонымен:

Еркежан Арынның Мультфильм кейіпкерлеріне ұқсас жұлдыздар және 25 "оғаш" фобия блогтары;

Бейбарыс әл-Бундукдаридің Заманақырды жақындатқан әңгімелер блогы;

Қуаныш Қаппастың Мен сізге ғашықпын блогы;

Бауыржан Жәлелдің ӘЖЕМНІҢ АЙТҚАН АҚЫЛЫ... блогы;

Айдай Адамқұлдың Баян ханым, қазақ тілі соншалықты қиын тіл ма? блогы;

Ендеше төменде келтірілген төрт блог осы аптаның "үздік блогына" үміткер атанды:

Айкона НСәбина келіннің басынан кешкендері (Бауыржан Жақсымбет, Ербол Молдажанов, Өмірбек Сансызбай)

** @iZeRe **Кешегі және бүгінгі ұстаз бейнесі (Ернар Алмабеков, Еркебұлан Сатқанбаев, Жасұлан Исакаев, Нұрбол Нұрмаханұлы, Шерхан Талап, Мейіргүл Оңғарова)

Алдияр КакимжанМарвел КиноСтудиясы (Жолдас Өрісбай, Фариза Әбілова)

Мақпал Сембай (Мамытбай)Тәуелсіздік пе, әлде Санта-Клаус па? (Мейіржан Әуелхан, Қарлыға Бүйенбай)

Ережеге сай көп көрілім жинап, көп пікір жазылған блогтар ескеріле отырып, Massaget.kz сайты тілшілері аталған блогтарға дауыс беру арқылы, үздігін анықтады. Massaget.kz сайты тілшілерінің пікірлерін төменнен оқи аласыздар.

Дауысқа салу нәтижесі бойынша ** @iZeRe **-нің Кешегі және бүгінгі ұстаз бейнесі блогы осы аптаның «үздік блогы» деп танылды. Әр аптаның айналымында белсенділік танытып келген ** @iZeRe**-ні келесі кезеңге өтуімен құттықтаймыз.

Осымен сайтымыздағы блогшылар байқауының бірінші кезеңі аяқталды. Енді тоғыз аптада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 9 блогшы келесі кезеңде өзара бақ сынайтын болады. Ережеге сай жеңімпазды анықтау мерзімі екі аптаға созылады. Ал бірінші аптаның арнайы тақырыбын бүгін жариялайтын боламыз.

Алғашқы аптаның үздік блогы - Жадыра Аққайырдың "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері" блогы.

Екінші аптаның жеңімпазы - Әйгерім Бегімбеттің "Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз" блогы.

Үшінші аптаның үздік блогы - Нұршат Әлімқызының «Жүректе ақыл болса...» блогы.

Төртінші аптаның үздік блогы – Досхан Жылқыбайдың "Үшінші күз" блогы.

Бесінші аптаның үздік блогы - Абылай Есімбай "Жастай" кеткен жігіт" блогы.

Алтыншы аптаның үздік блогы - Марғұлан Ақанның "Иесіз хат" блогы.

Жетінші аптаның үздік блогы - Сыр қызының "Тіршілік оған риза сол бір ән үшін!" блогы.

Сегізінші аптаның үздік блогы - Әсел Құрманның "Бақытты 500 теңге немесе Iphone - 31" блогы.

Тоғызыншы аптаның үздік блогы - ** @iZeRe**-нің «Кешегі және бүгінгі ұстаз бейнесі» блогы.

Сурет: archie-goodwin.net