Марвел КиноСтудиясы

Марвел КиноСтудиясы
жеке
блог

Spider-man (Өрмекші-адам), Thor (Тор), Hulk (Халк), Avengers (Эвейнджерс тобы), Ironman (Темір адам) секілді барлығымыз фильмдерін сүйіп тамашалайтын, комикстерін қызыға оқитын кейіпкерлер MARVEL Entertainment атты үлкен компанияның жемістері. Бұл организацияның MARVEL COMICS деген бөлімі сонау 1939 жылдан бері комикстер жазумен айналысады. Кинемптографтың дамуымен организацияда 1993 жылы MARVEL FILMS деген тағы бір бөлім пайда болды. Қазір ол MARVEL Studios деген атпен танымал. Студия кино индустриясында керемет жетістіктерге жетіп, бүкіл MARVEL Entertainment-ті банкроттан сақтап қалған. Бірақ бұл өз алдымен бөлек ұзақ оқиға. Қазір талқылағым келіп отырғаны – MARVEL Studios компаниясының жаратқан кинематографиялық әлемі.

Бірінші айта кететінім, MARVEL Entertainment банкротқа жақындағанда, компания бар қаражатын 2008 жылы жарық көрген «Ironman»-ге жұмсады. Яғни, тағдырға бел буып, бүкіл үмітін осы фильмге артты. Өздеріңіз тамашалап көргендей жұмыс ең жоғарғы деңгейде орындалып, картина көрермендерге қатты ұнады. Алайда киностудия оған тоқтамай осы уақытқа дейін он ұтымды проектіні іске асырды. Олардың қатарында 1, 518, 594, 910 АҚШ долларын жинап, әлемдегі ең тиімді фильмдердің рейтингінде 3-ші болып орналасқан «Avengers» картинасы да бар.

Жалпы, студияда түсірілген фильмдер бір ортақ MARVEL әлемінде болып жатырған оқиғалар көрінісі. Мен фильмдерді 3 фазаға бөліп қарастырайын деп отырмын:

1-ші фаза:

  • Hulk (Халк, 2008) – радиация құрбаны, ызасы келгенде Халкке айналатын доктор Беннердің оқиғасы;
  • Ironman 2 (Темір адам 2, 2010) – керемет ғалым-механик және миллиардер Тони Старктің оқиғасының жалғасы;
  • Тор (2011) – Азгард пранетасының қожайыны Одиннің бірінші ұлы Тор жайындағы оқиға;
  • Капитан Америка (2011) – химиялық эксперименттер арқылы керемет күшке ие болған Стивен Роджерс есімді жауынгердің оқиғасы;
  • Avengers (Эвейнджерс тобы, 2012) – бұл картинада Ник Фюри басқарған SHIELD (қалқан) организациясы аталмыш кейіпкерлердің басын қосып, Жер планетасын құтқаруға шақырады. Бұл жолғы олардың қарсыласы – Тордың інісі Локки.
 

2-ші фаза:

  • Ironman 3 (2013);
  • Тор 2: Қараңғылық Хандығы (2013);
  • Капитан Америка: Өзге Соғыс (2014);
  • Guardians of Galaxy (Галактика Қорғаушылары, 2014) – бес қылмыскер өз отандастарына жандары ашып, галактиканы Ронан атты жауыздан құтқарады.

Галактика Қорғаушылары жайындағы фильм әзірше MARVEL Studios шығарған соңғы экранизация. Алайда киностудия 2019 жылға дейінгі жұмыстарын жоспарлап қойған. Негізінде, фильмдердегі оқиғалар желісі кей кезде комикстердегіден өзгеше. Бірақ сонда да жоспарланған фильмдер жайында сіздерге қысқаша түсінік беруге тырыса отырып, тізімді жалғастып көрейік.

  • Avengers: Альтрон Эрасы (2015) – Альтрон деген Хэнк Пим (Ant-man) есімді кемеңгер ғалым жаратқан робот. Робот ғалымның ықпалынан құтылып, оған қарсы шығады. Кейін Averngers тобына бірнеше рет шабуыл жасайды;
  • Ant-man ( Құмырсқа-адам, 2015) – Хэнк Пим есімді кез-келген тірі ағзаның көлемін өзгерте алатын физикалық бөлшектерді тапқан ғалымның оқиғасы;
 

3-ші фаза:

  • Капитан Америка: Азаттық Соғысы (2016) – Азаттық Соғысының басталуына себеп болатын – жаңа реформа. Реформа бойынша супербатырлар өздерінің жеке бастарын куәландырып, үкіметке қызмет етуге тиісті болады. Бұл картинаға осыған дейін аталған кейіпкерлердің көбісі қатысады. Алайда жаңа заңмен кейіпкерлердің жартысы келісіп, жартысы Азаттық Соғысын ашады.
  • Доктор Стрэйндж (2016) – автомобиль қақтығысынан кейін қолдарын жоғалтқан нейрохирург, өзінің тағдырын магия өнерінен табады;
  • Guardians of Galaxy 2 (Галактика Қорғаушылары 2, 2014);
  • Тор 3: Рагнарёк (2017) – комикстер бойынша Рагнарек Азаттық Соғысы кезінде пайда болатын Тордың клоны;
  • Қара Пантера (2017) – Т’Чалла – Африка джунглиларында жоғалған Ваканда елінің патшасы. Бүкіл сезімдері мен қабілеттері жай адамға қарағанда бірнеше есе артық патшаның оқиғасы;
  • Avengers: Шексіздіктер Шайқасы, 1-ші бөлім (2018);
  • Капитан Марвел (2018);
  • Нелюди (2018);
  • Avengers: Шексіздіктер Шайқасы, 2-ші бөлім (2019).
 

Фильмдерді асыға күтеміз. Блогты «әр біреуіміздің ішімізде ашылмаған батыр отыр» деген сөзбен аяқтаймын.