Тәуелсіздік пе, әлде Санта-Клаус па?

Тәуелсіздік пе, әлде Санта-Клаус па?
жеке
блог

         Хабаршы - қардың ерте түскенімен, қыс айы ресми түрде 1 желтоқсанда басталады. Қала тұрғындары қоғамдық көліктерде жүруге ыңғайлы болсын деп арнайы шығарылған жолда дүру билеттерін пайдаланды. Жұмысымдағыларға билеттерді мен жеткіземін ай сайын. Әдетімше, билеттерді алуға бардым кеше. Ай сайын "сәні" сан құбылатын билеттердің бұл жолғы ерекшелігі: оқушылардың аты-жөндерінің үлкен етіп жазылуы және сыртындағы Сантау-Клаустың суреті болды. Жазуының үлкейтілгендігін кондукторлардың көздерінің нашарлығы, аты-жөндерін дұрыс көре, оқи алмайтындығы, сөйтіп, оқушыларды ұрсатындықтары деп түсіндірді. Ал, сыртындағы суретті "Жаңа жыл ғой" деді. Жаңа Жыл...

н

пр

     Әуелі желтоқсан айының бірінші жұлдызында биыл үшінші рет аталып өткелі жатқан Тұңғыш Елбасы күні, содан кейін 16 желтоқсанда талай тарихты бастан кешіріп, талай қазақтың басы шабылып, талай көзден жас емес, қан ағып, қазақты қойша қырып, қолбала еткен, тілін, ділін, дінін жойып жібере жаздап, тарих сахнасынан Қазақ атауын жоқ қылмақшы болғандармен күресіп, қасық қаны қалғанша айқасқан ата-бабаларымыздың бізге сыйлап кеткен, өлгенде әрең жеткен ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ! Әрбір қазақ үшін бірінші орында тұруы тиіс осы бір жүректі сыздатар, бірақ қуаныш сыйлар мерекені аттап-пұттап ай аяғында аталып өтетін қазаққа жат ұғым Жаңа Жылдың қайдағы бір Санта Клаусының бейнесінің желтоқсан айына арналған жолда жүру билетінде бейнеленуі қаншалықты дұрыс, АҒАЙЫН? Ал сол бір жапырақ қағазда Туымыз, Елтаңбамыз, Тәуелсіздік монументі тұрса, артық па еді, болмас па еді? Ішімдікке өле мас болып, бір-бірін сыра тасып сыйлап, болмайтын тілектер тілеп, қарызға белшесінен батыратын Жаңа жылға деген дайындық әрбір қазақ қалаларында жайнап тұр. Тәуелсіздік атап өтілместен бұрын, ешбір мекеме орны Жаңа жылға безендірілмесін деп неге айтпайды екен? Мекемелеріңізді Жаңа жылға безендіріп, сол безендірілген тұстарын суретке түсіріп, бізге жіберіңіздер деген әкімшілікті хабарламасы қайта-қайта келгелі бір аптадан асты. Бәрін жасап отырған кім сонда? Кімді кінәлаймыз? Кімге жүгінеміз? Кімге, не айтамыз, Ағайын? Кімге?

Енді оқушылар да, қарттар да, күллі Қазақ... бәрі-бәрі Санта-Клаустың бейнесіне тамсанып жүреді бір ай бойы...