"Жаман дегенде жақсысын кім береді?" Қайрат Нұртастың әкесі Төреғали Төреәлінің жағдайына қатысты пікір білдірді

"Жаман дегенде жақсысын кім береді?" Қайрат Нұртастың әкесі Төреғали Төреәлінің жағдайына қатысты пікір білдірді
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Төреғали Төреәлінің жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол қазақстандықтарды Төреғалидің ата-анасына ауыр сөз айтпауға шақырды.

"Айналайын, ағайын! Сөге жамандамаңыздар. Ата менен ана баланың өзін туғанымен мінезін тумайды. Айтыңыздаршы, қай ата-ана балам жаман болсын деп тәрбие береді екен? Қой ақсағымен мың деген қазақ, Төреғали жаман дегенде бізге жақсысын кім береді? Барымызды түзеп жолға салуымыз керек ағайын. Мен сіздерді жақсы түсінемін, сіздер де бүгінгі жағдайды түсініп қарасаңыздар екен деген мендегі ниет. Онсыз да бұл бала өзіне тиесілі Алланың жазғанын көріп жатыр. Жығылғанға жұдырық деп, онсыз да езіліп отырған ата-анасының жүрегіне сызат салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ағайын, ертең қай-қайсымыздың болса да алдымызда не күтіп тұрғаны бір Аллаға мәлім. Ата-ананы Алла баласымен сынамасын!" - деп жазды Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айдарбеков Нуртас (@aidarbekov_nurtas)

Кейбір Желі қолданушылары оның сөзіне қосылған.

"Дұрыс айтасыз. Итің жаман десе, намыстанатын қазақпыз. Жығылғанға жұдырық болу, санасыздың ісі. Бастысы, Төреғалидың басы аман. Маңдайға жазғанды көреді. Әндері құлаққа жағымды, жақсы әншіміз ғой", - дейді олардың бірі.

Айта кетейік, кеше Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.

"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр

Сондай-ақ, өнер иесі 20 тәулікке қамауға алынды. Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отыр. 

Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады

Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.

Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.

"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова