Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тарады

Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәлі жолда ұсталғаны туралы видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram-да тараған ақпаратқа сүйенсек, өнер иесі Алматыда Майлин көшесінде ұсталған.

"Нақтыланбаған дерек бойынша Майлин көшесінде ВАЗ айналма жолына жетпей Төреғали Төреәлі ұсталды", - делінген әлеуметтік Желіде тараған видеода.

Полицияға осы дерек бойынша сұрау салынды.

Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.

Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.

"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова