Атышулы тағайындаулар мен Абай облысындағы алапат өрт: Өткен аптадағы басты жаңалықтарға шолу

Атышулы тағайындаулар мен Абай облысындағы алапат өрт: Өткен аптадағы басты жаңалықтарға шолу
Фото: Тұрар Қазанғапов

Massaget.kz тілшісі өткен аптада болған маңызды жаңалықтарға шолу жасады.

Қайрат Сатыбалды қамауда отырып қонақүй сатып алған

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, журналист Мақсат Толықбай айтты. Оның сөзінше, сотталған кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының қамауда отырған кезінде 6 миллиард теңгеге сатып алу-сату мәмілесін жасаған. 


Фото: Ratel.kz

Танымал модель әрі блогер жезөкшелікпен айналысатын "элиталық эскортницалар" желісінің ұйымдастырушысы болған

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі "жабық" топтарды анықтады. Олар арқылы Алматы қаласында қалталы ер адамдар үшін интимдік және "эскорт-сүйемелдеу" қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен "жеке" секс-кештер ұйымдастырылған. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері көліктегі полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, сол топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық қызды ұстады. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Ол қыздарға "демеушілерді" табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру 300 АҚШ доллар болған.

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзарды. 2023 жылғы 5 маусымда сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде қамауда ұстау мерзімін екі айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 тамызға дейін ұзартуға санкция берілді. 

9 маусымда "Дикий Арман" азаптау фактісі бойынша сотта жеңіске жетті. Бұл туралы заңгер Олег Чернов әлеуметтік желіде хабарлады. Оның айтуынша, Арман Жұмагелдиев азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер фактісі бойынша тергеу сотында жеңіске жеткен.

Ақтөбе әкімі Мұрат Жүребеков қызметінен кетті

Мұрат Жүребеков Ақтөбе әкімі қызметін аяқтағанын және қала тұрғындарына алғысын айтты. Ол басқа қызметке ауысқан.

Генерал Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды

10 жылға сотталған генерал-майор Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді. Жетісу облысы сотының мәліметінше, Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы үкіммен келіспей, оны апелляцияға беру туралы шешім қабылдаған. Апелляциялық сот отырысы 29 маусымда өтеді.

Экс-депутат Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Нұржан Әлтаевтың аса ірі көлемдегі пара алды деген күдікпен ұсталғанын растады. Антикор мәліметінше, Нұржан Әлтаев 135 000 доллар пара алған. Нұржан Әлтаев екі ай мерзімге қамауға алынды. 

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды

8 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.  


Фото: Александр Куприенко

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында премьер-министрдің орынбасары лауазымына Тамара Босымбекқызы Дүйсенованың кандидатурасы келісілді.

"Семей орманы" аумағында тағы өрт шықты

Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы орманда болған өртті жедел жоюға көмектесіп жатыр. Семей филиалының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, Батпаев орман шаруашылығының аумағында 0,3 гектар аумақта ағаштар өртенген.

8 маусымда кешкі уақытта Абай облысындағы орман өртінің аумағы 2 мың гектарға жетті. Бір күннен кейін Абай облысындағы өрт кезінде үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатқаны хабарланды. 

Еске салайық, бұған дейін "Семей орманы" аумағында өрт шыққаны хабарланған еді. Кейінірек Абай облысындағы орман өртінің аумағы 2 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кеткені белгілі болды. Ал тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етті. 

"Батырлар арамызда". Желіде өртсөндірушілердің далада ұйықтап жатқан видеосы тарады

Абай облысындағы алапат өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестірілді. Кейін оның үшеуі қаза тапқаны анықталды. Осы жағдайлардан кейін Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Сонымен қатар, екі ауылға қауіп төніп тұрғаны хабарланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке байланысты Вьетнамға сапарын кейінге шегерді. Президент Абай облысындағы өртке байланысты Үкіметке шұғыл тапсырма берді. Үкімет басшысы да қарамағындағыларға бірқатар тапсырма берді.

Төтенше жағдайлар министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

Сырым Шәріпханов төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды.

Кейінірек орман өрті 60 мың гектарға жайылғаны белгілі болды. Осыған орай 7 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, өрттен 11 адам өлі табылды.

Абай облысындағы өрт: қаза тапқандарға қатысты жаңа дерек айтылды

Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды. Ал экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суретін жариялады.

Абай облысындағы өртте ерлігі мен жанқиярлығы үшін қаза тапқан 14 адам марапатталды

Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды. Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты. 

Абай облысындағы өрт: әуеден 486 рет су төгілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккендерге өзі көмек беретінін мәлімдеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина