Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты
Фото: ТЖМ

Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Абай облысындағы ауқымды өрт салдарынан орман шаруашылығының бірқатар жұмысшыларының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін.

Қолға алынып жатқан шаралар арқылы бұл апат еңсеріледі деп сенемін", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек