"Семей орманы" аумағында тағы өрт шықты

"Семей орманы" аумағында тағы өрт шықты
Фото: Видеодан алынған кадр

"Семей орманы" табиғи резерватының аумағында тағы өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы орманда болған өртті жедел жоюға көмектесіп жатыр. Семей филиалының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, Батпаев орман шаруашылығының аумағында 0,3 гектар аумақта ағаштар өртенген.

Өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД 31 қызметкері және 9 бірлік техникасы, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Құтқарушылардың айтуынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір облыста ауа райы ыстық әрі жел жоқ: +34 градус, солтүстіктен соғатын жел секундына 2 метр.

Өртсөндірушілер жағдайдың асқынуын болдырмау және жою үшін барлық қажет күш-жігерді жұмсап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оса Семей (@oo_osa_semey_vko)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек