Абай облысындағы өрттен қаза тапқан орманшылардың суреті жарияланды

Абай облысындағы өрттен қаза тапқан орманшылардың суреті жарияланды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суретін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"8 маусымда сағат 22:00-де "Семей Орманы" МОТР Жаңашүлбі филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілді. 9 маусымда күні сағат 13:00-де бізге үш адамның өлі табылғаны туралы хабар жетті... Біз бір ғажайып болады деп үміттенген едік, бірақ ол болмады. Бүгін жоғалған 11 адамның мәйіті табылды", - деп жазды министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан