"2 миллион теңге". Төреғали Төреәлі су жаңа бейнебаяны туралы айтты

"2 миллион теңге". Төреғали Төреәлі су жаңа бейнебаяны туралы айтты

Әнші Төреғали Төреәлі "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында қалың көпшілікке ұсынған су жаңа бейнебаяны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Менің толқыным" деп әндеткен Төреғали Төреәлінің бұл бейнебаяны былтыр күзде түсірілді. Бірақ Ұлы дала баласы бейнебаянын халыққа енді ұсынып отыр.

"Араға 6 ай салып шығарып отырмыз. Оның ешқандай себебі жоқ. Сәті осылай түсіп тұр. Бірақ оны бір арнайы сақтап жүрген жоқпыз. Бейнебаянға бас-аяғы шамамен 2 миллион теңге кетті", - дейді әнші.

Алматы облысы Көлсайда түсірілген бұл бейнебаянның өзіндік тарихы да бар. Себебі осы жерге келген өнер иесі 20 жастағы жолнұсқаушы азаматпен жаға ұстасып, артынша түзету мекемесінен бір-ақ шыққан еді. Алайда іс насырға шаппау мақсатында кешірім үшін 10 миллион теңге кепілге беріп, бостандыққа шықты.

"Менің толқыным" деген ән шығарған, енді су жаңа бейнебаянын халыққа ұсынған Төреғали жарының алдындағы парызынан осылай құтылған секілді.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәліден соққы көрген жігіт әншіні кешірмейтінін мәлімдегені хабарланған болатын. Сондай-ақ, Төреғали Төреәлі жанжал неден шыққанын айтқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы